Аутистік спектр бұзылысы (АСБ) бар балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру маңызды орын алады. АСБ бар балалар үшін сөйлеу тілін дамыту мен қарым-қатынас жасау дағдыларын игеру ұзақ және күрделі үдеріс болуы мүмкін. Бұл балалардың ерекшеліктері олардың айналасындағы адамдармен байланыс орнату, вербалды және вербалды емес коммуникация тәсілдерін меңгеруінде қиындықтарға әкеледі.
Аутистік спектр бұзылысы бар балалардың санының артуы мен оларды түзету әдістерінің Отандық әдістемесінің жеткіліксіздігі аталған тақырыптың өзектілігін негіздеуге себеп болады. Аутистік спектр бұзылысы – ерік-жігер саласының бұзылыстары арқылы көрінетін ерекше білімді қажет ететін балалар тобының бірі. Бұл балаларда ерік-жігер саласының теңгерімсіздігі, сөйлеу тілінің бұзылыстары және мінез-құлықтың қиындықтары байқалады.
Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды Р.Каннердің жеке аңғарым ретінде қарастырылуы мен бүгінгі күнгі зерттеулерге дейінгі аралықта көптеген ғылым еңбектер жазылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, Отандық ғылымда аталған тақырып әлі күнге дейін жеткілікті түрде зерттелмеген. Шет елдік әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары бүгінгі таңда аутистік спектр бұзылысы бар балалардың мінез-құлық бұзылыстарын түзетудің ең оңтайлы әдісі АВА терапия екендігін дәлелдеп отыр. Сол себепті, зерттеу барысында аутистік спектр бұзылысы бар балалардың коммуникативтік дағдыларының дамуын зерттеу мен оны АВА – терапия арқылы дамыту жұмысының педагогикалық шарттары анықталды.
Педагогикалық шарттарды практикада қолдану баланың коммуникациялық дағдыларын дамытып қана қоймай, оның жағымсыз мінез-құлқының деңгейінің азаюына да ықпал етеді. Американдық психиатр И.Ловаастың «жеке блоктар арқылы оқыту» әдісі және Ф.С.Скиннердің «мінез-құлықты қолданбалы талдау» әдістерінің және Л.С. Выготскийдің концепциялары негізінде жасақталған қағидаларды арнайы педагогика қағидаларымен ұштастыра отырып, балалардағы коммуникациялық дағдыларды дамыту жұмысының траекториясы ұсынылды. Ұсынылған жұмыстарды аутистік спектр бұзылысы бар баллармен жүргізілетін сабақтарда қолдану және сәтті енгізу болжануда.
Бұл мақалада АСБ бар балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мәселелері, қолданылатын әдістер мен технологиялар, сондай-ақ педагогтар мен ата-аналарға ұсыныстар қарастырылады.
ТАГАНОВА А.М.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: aru73@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-0045-4059
БАЙКАДАМОВА А.М.
магистрант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: akmaral3010@yandex.kz, https://orcid.org/0009-0007-3165-9544
- Ахметова Г.Қ. Арнайы педагогика негіздері. – Алматы: "Атамұра", 2018. -167 б.
- Малофеев Н.Н. Специальная педагогика и инклюзивное образование. – М.: Владос, 2016. -147 б.
- Жақыпов С.М. Аутистік балалардың психологиялық ерекшеліктері. – Ақтөбе: ҚазҰПУ баспасы. -79 б.
- Ахметова Г.Қ. Арнайы педагогика негіздері. – Алматы: "Атамұра", 2018. -171 б.
- Назарова Н.М. Инклюзивное образование: методология, практика, технологии. – М.: Владос, 2019.-137 б.
- Венера Тельжан, доктор философии в области клинической психологии, Университет науки и литературы, Селинус, Италия, Рим «Современный подход к лечению аутизма в казахстане», Труды 1-й Международной научной конференции «Исследовательский поиск и академические письма» (26-27 января 2023 г.). Варшава, Польша. 2023-01-30 https://ojs.scipub.de/index.php/RRAL/issue/view/15/48; 275 б.
- Азаттық радиосы. Ж. Жүрсін, 18 маусым 2024 жыл., Ерекше жандар. Аутизмі бар балалардың өмірі. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-aktobe-children-with-autism/32996857.html
- MedQaz веб-сайты; Нысынбайұлы Латиф, 06/03/2022 «Қолданбалы мінез-құлық талдауы (ABA) сіздің балаңыз үшін дұрыс па?»
- https://medqaz.com/%D2%9B%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%B7%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%83%D1%8B-aba %D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4
- Қуандыққызы Б. Аутизм сырқаты бар балаларға ерекше күтім қажет // Егемен Қазақстан газеті. 15 тамыз, 2022. https://egemen.kz/article/320723-autizm-syrqaty-bar-balalargha-erekshe-kutim-qadget
- Pyramid Educational Consultants; 1992-2024 https://pecs.com/our-company/