Мақалада ұлттық құндылықтар арқылы жоғары оқу орны білім алушылары болашақ педагог мамандардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Студенттерге кәсіби педагогикалық білім берудегі ұлттық рухани-мәдени құндылықтар жүйесін құрайтын мақсатты, кешенді білім мен тәрбие беру мазмұнының маңызы тұжырымдалады. Бүгінгі жоғары оқу орындарындағы кәсіби педагогикалық білім мазмұнына ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды енгізу арқылы болашақ мамандардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдірудің жетекші мәні сөз етіліп, талданады. Сонымен қатар ұлттық рухани-мәдени құндылықтардың болашақ ұстаздың бәсекеге қабілетті тұлғалық болмысының қалыптасуындағы танымдық және тәрбиелік жетекші рөлі мен кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды арттырудағы маңызы сөз етіледі.
Зерттеу барысында ұлттық құндылықтардың жоғары мектеп жағдайындағы кәсіби педагогикалық білім беру үдерісіне енгізілуінің ғылыми-теориялық аспектілері жан-жақты талданып, қарастырылады. Авторлар коммуникативтік мәдениеттің тілдік, когнитивтік, этикалық, психологиялық, прагматикалық және әлеуметтік компоненттеріне ерекше назар аударып, әрбір компоненттің ұлттық құндылықтар арқылы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпалын сипаттайды. Зерттеу нәтижелері ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, болашақ педагогтардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың тиімді жолдарын көрсетеді және ұлттық бірегейлікті сақтаудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтеді.
БАХТИЯРОВА Г.Р.
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: aibol04@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-0534-4879
ГЕЛИШЛИ Ю.
PhD, профессор, Гази университеті, Анкара, Түркия
E-mail: ygelisli@gmail.com , https://orcid.org/0000-0003-2816-3621
ИЗТЛЕУОВА С.Ш.
докторант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан
E-mail: samanta.iztleuova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-7878-240X
- Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту жəне Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы. – Қолжетімділік режимі URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2100000521 – (қаралған күні: 21.10.2024).
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Ақорда, 2 қыркүйек, 2024 ж. - Қолжетімділік режимі URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses - (қаралған күні: 18.10.2024).
- Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б.
- Бахтиярова Г.Р. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті. Оқу құралы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспа бөлімі, 2019. – 354 б.
- Бгуашев А.Б., Иоакимиди Ю.А., Шрам В.П. Модель формирования коммуникативной культуры студентов вуза. //Известия Волгоградского государственного педагогического университета. – 2018. – №. 1 (124). – С.30-35.
- Mukhamedjanova S.D. Improvement of pedagogical conditions for the development of communicative culture in future higher education specialists. //Theoretical & Applied Science. – 2019. – №. 12. – С. 356-359. DOI: 10.15863/TAS.2019.12.80.70 DOI: https://doi.org/10.15863/TAS.2019.12.80.70
- Сарсенбаева Г.Х., Жумабаева А.Е. Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамытудың мүмкіндіктері. //Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки». – 2023. – Т. 77. – №. 1. – 267-275 б. https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.028 DOI: https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.028