ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДА ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛДЫҢ РӨЛІ

Жарияланды 2024-12-31
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 78 № 4 (2024)
№4 (2024)
Авторлар:
  • ЖИЕНБАЕВ Ұ.Б.
PDF

Әлеуметтік капиталдың экономикадағы рөлі, әсіресе экономикалық даму мен өсуде айрықша маңызды. Экономикалық өсуді түсіндіруде дәстүрлі факторлар, мысалы, еңбек және табиғи ресурстар жеткіліксіз болуы мүмкін. Әлеуметтік капитал бұл тұрғыда экономикалық мінез-құлықтың ережелеріне сенім арқылы экономикалық жетістіктерге жетуге ықпал ететін фактор ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік капитал – қоғамдағы сенім, ынтымақтастық және әлеуметтік байланыстардың жиынтығы ретінде қалалардың тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды ресурс, яғни қоғамның бірігуі, сенім және ынтымақтастық сияқты элементтер, экономикалық дамуға әсер ететін маңызды тетіктері талқыланады. Әлеуметтік капиталдың арқасында экономикалық белсенділік артып, жергілікті кәсіпкерлік пен инновациялар дамиды, тұрғындар арасында өзара көмек және қолдау қалыптасады. Қалалық ортада әлеуметтік капиталдың жоғары деңгейі тұрғындар арасындағы сенімді арттырып, қоғамдық қатысу деңгейін көтеруге, сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтар арасында байланысты нығайтуға көмектеседі.

Әлеуметтік капиталдың қала тұрғындарының арасындағы байланыстарды жоғарлату, жергілікті қауымдастықтардың дамуына ықпал ету және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Нәтижесінде қала экономикасының тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік капиталды дамыту қажеттілігін дәлелдейді және даму стратегияларына әлеуметтік капиталды интеграциялаудың маңыздылығын көрсетеді. Экономикадағы әлеуметтік капиталдың дамуы және оны қала экономикасының даму стратегиясына интеграциялау қажеттілігі қарастырылады.

Әлеуметтік капиталдың жоғары деңгейі сыртқы инвестицияларды тартуға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтіледі. Осылайша, әлеуметтік капиталды дамыту қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік капитал қала экономикасын тұрақты дамытуда маңызды рөл атқарады және оны қоғамның әрбір деңгейінде қолдау арқылы ғана экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады.

ЖИЕНБАЕВ Ұ.Б.

докторант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: ulan-adil@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4004-5345

  1. Абдикерова Г.О., Cоциальный капитал: основные концепции и стратегии. / Журнал психологии и социологии. №4 (63). 2017 – 25.
  2. Гимбатов Ш.М., Роль социального капитала в экономическом развитии региона. / Вопросы структуризации экономики. № 2, 2011 – 91.
  3. HJERPPE REINO: SOCIAL CAPITAL AND ECONOMIC GROWTH. Helsinki, VATT, Valtion taloudellinen tutkimuskeskus, Government Institute for Economic Research, 1998, (C, ISSN 0788-5016, No 183). ISBN-951-561-259-4.
  4. Ильясов, К., Сатылхан, Б., Қала экономикасын дамытудағы әлеуметтік капиталдың маңызы. Экономика және кәсіпкерлік, 12(3). 2019 - 45-52.
  5. Байдыбекова С.К., Сауранбай С.Б. Роль человеческого капитала в экономическом развитии стран. Economy: strategy and practice. 2022;17(2):111-125.doi: https://doi.org/10.51176/1997-9967-2022-2-111-125 DOI: https://doi.org/10.51176/1997-9967-2022-2-111-125
әлеуметтік капитал, қала экономикасы, әлеуметтік байланыстар, сенім мен ынтымақтастық, қоғамдық жобалар, кәсіпкерлік, тұрақтылық