МҰНАЙ-ГАЗ КӘСІПОРЫНЫ НЕГІЗІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР МЕН КАЛЬКУЛЯЦИЯ БАПТАРЫ БОЙЫНША ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

Жарияланды 2024-09-30
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 77 № 3 (2024)
№3 (2024)
Авторлар:
  • ПАНКОВ Д.A.
  • ИМАНБАЕВА З.O
PDF (English)

Мұнай-газ секторы-экономиканың маңызды құрылымдық құрамдас бөлігі, еңбек өнімділігінің, өндіргіш күштер мен ел халқының тыныс-тіршілігінің өсуінің негізгі факторларының бірі. Ол экономиканың барлық салалары мен халықты табиғи газбен, моторлы отынның, жанар-жағармай материалдарының кең ассортиментімен, мұнай химиясы үшін шикізатпен, қазандық-пеш отынымен және басқа да мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Мұнай-газ кешені елдің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер етеді, шын мәнінде, мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін донор болып табылады, экономиканың басқа салаларының дамуына ықпал етеді. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысымен өңірлер мен бүкіл мемлекет ауқымындағы аса маңызды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру байланысты, ол экономиканы дамытудың негізі болып табылады және көбінесе елдің экономикалық тәуелсіздігін айқындайды Қазіргі өнеркәсіптің шикізат базасын мұнай мен газсыз елестету мүмкін емес. Мұнай мен газ тек үнемді энергетикалық отын ғана емес, сонымен қатар мұнай-химия өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат болып табылады.

Мақалада мұнай-газ кешенінің маңыздылығы және мұнай-газ кәсіпорындарындағы шығындарды тиімді басқару қажеттілігі қарастырылады. Шығындарды басқарудың кешенді тәсілінің қажеттілігі негізделген. Мұнай-газ кешені кәсіпорындары үшін шығындарды басқару жүйесін жетілдіру бағыттары тұжырымдалған, мұнай мен газдың өзіндік құнын калькуляциялауды қарастырған.

ПАНКОВ Д.A.

экономика ғылымдарының докторы, профессор, халық шаруашылығы салаларындағы бухгалтерлік есеп, талдау және аудит кафедрасының меңгерушісі, Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті, Минск, Беларусь Республикасы

Е-mail: d.pankov@lund-univer.eu, https://orcid.org/0000-0003-2898-7225

 

ИМАНБАЕВА З.O

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасының доценті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан 

Е-mail: utegen_z_78@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6604-4135

  1. Taigashinova, K. T. Calculating the cost of products, services and works: textbook / K. T. Taigashinova. - Almaty: LEM, 2014. - 324 pages.
  2. Zhanbirov Z.G. Production organization and enterprise management: Textbook. - Almaty: Evero, 2014. - 372 pages
  3. Tolpakov, J. Financial textbook-1: textbook. . Part II / J. Tolpakov. - Karaganda: LLP "Karagandinskaya polygraphia", 2013. - 408
  4. Imanbaeva Z.O., Toktarova M.A. Accounting in industries. Textbook - "PrintA" publishing house, 2019. - 264 p.
  5. Myrzagaliyev D.M. Oil and gas regions of Kazakhstan: Textbook. – Almaty: Evero, 2017. - 134 pages. https://elib.kz/
  6. Kuzhukeeva, K.M. Financial accounting according to IFRS: Study guide. . - Kostanay: KSU im. A. Baitursynova, 2016. - 129
мұнай-газ саласы, шығындар, өнімнің өзіндік құны, калькуляция бірлігі, мұнай, газ, үрдіспе-үрдіс әдісі