Қ.ЖҰБАНОВ ЗЕРТТЕУІНДЕГІ Қ.А. ЯССАУЙДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ТАНЫМЫ МЕН АҚЫНДЫҚ БОЛМЫСЫ

Жарияланды 2024-09-03
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 57 № 3 (2019)
№3 (2019)
Авторлар:
  • Ә.Ж. ҰЛЫҚПАНОВА
PDF

Мақалада Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың түркі тілдес халықтар әдебиетінің көрнекті өкілі, сопылық әдебиеттің негізін қалаған ақын Қожа Ахмет Яссауйдің «Диуани хикмет» еңбегі туралы мақаласына талдау жасалады. Профессор Құдайберген Жұбанов – әдебиет мәселелеріне қатысты да тың ой айтып, терең тұжырым жасаған айтулы ғалым. Ол санаулы болса да, сапасы мықты ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. Әдебиетке қатысты жазылған зерттеулерінің ішінде «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» атты еңбегінің ғылыми маңызы аса зор. Құдайберген Жұбанов Қожа Ахмет Яссауидің ақындық талантына айрықша баға береді. «Диуани хикмет» түркі тектес халықтардың рухани мұрасы болып табылады. Мақалада «Диуани хикметті» лингвистикалық әрі поэтикалық және тарихи тұрғыда шебер зерттеген Құдайберген Жұбановтың ғылыми қызметі туралы сөз болады.

Ә.Ж. ҰЛЫҚПАНОВА

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  1. Наджип А.Н. Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІҮ вв. – Москва,1989. – 245 с.
  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.
  3. Боровков // Советское востоковедение V том. – Москва: Изд. Акад. наук СССР, 1948 г. Ленинград. – С. 338.
Ақын, әдебиет тарихы, поэтика, жазба әдебиет, сопылық әдебиет, ойшыл.