Мақалада Ақтөбе аймағында кездесетін сүтқоректілер класының қоянтәрізділер отряды өкілдерінің биоалуандылығы,олардың қазіргі жағдайы ,табиғатта алатын орны және практикалық маңызыдылығы көрсетілген. Мақалада жануарлар әлемінің қазіргі кездегі жалпы жағдайы, антропогендік факторлардың, экологиялық дағдарыстың, браконьерлердің әрекеттерінен қорғау мәселелері қарастырылған.
Мақалада Қазақстанда өндіріс пен тұрмыс нысандарына берілетін жерлер көлемі өсуі нәтижесінде және техногенді факторлардан басқа да, құрғақшылық, қатал қыс, жұқпалы аурулардың таралуы сияқты табиғи құбылыстар да жануарлар әлемінің биоалуандылығына, түрлік құрамына теріс әсері көрсетілген.Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлар түрлері, онын ішінде: сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлері жылдан жылға Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілуі аталып отыр.
С.Т. СЫРЫМБЕТОВ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
- Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. «Қазақстандағы жануарлар әлемі» Алматы «Кітап» 2003. 13-24 бб.
- Дебело П.В., Булатова Қ.Б., «Животные Западно-Казахстанской области» Уральск. 2009ж. – 208с.
- Бекенов А.Б., Есжанов Б., Махмутов С.М. «Қазақстанның сүтқоректілері». Алматы. Кітап» 2007ж. 165-180 бб.
- Соколов В.Г. «Фауна мира. Млекопитающие справочник» М.Наука 2000 г.- 258 с.