Бұл мақалада елдігі еркін Қазақстан тарихы жаңадан жазылып жатқанда, оны жан-жақты пайымдаудың қажеттігі туды, өткенімізге ақиқат көзімен қарап, өз тарихымызды ғылыми-әдістеме тұрғысынан зерделеу уақыт тудырған рухани талап десек те болады. Көшпелі қазақ қоғамының рухани, мәдени, саяси әрі құқықтық өмірінің объективтік ғылыми суретін сомдаудағы атқарылатын істің ең бастысы әрі кезек күттірмейтін маңыздысы да - осы мәселеге байланысты ғылыми тұғырнаманың айқындығын қамтамасыз ету. Бұл әсіресе елімізде болып жатқан түбегейлі саяси-әлеуметтік өзгерістермен қатар орын алған барлық қоғамдық ғылыми ізденіс саласы үшін, әсіресе қоғамдық-философиялық ой тарихының бірегей бөлігін құрап отырған битану саласы үшін де аса маңызды болып отыр. Қазақтың дәстүрлі қоғамының философиялық (даналық) ой тарихын халықтың әдет-ғұрып, салтқа сүйенген құқықтық- нормативтік өмір болмысының табиғатын ашуда, оның объектив кескін-келбетіне, бірегей бітім-болмысына ғылыми баға беруде билер шығармашылығын зерттеп, зерделеудің маңызы зор. Мақалада аталы да, баталы сөздің қадірін білген, елдегі дауды бір ауыз дана сөзімен шеше білген билердің ар, абырой, адами қасиеттер туралы айтқан сөздеріне талдау жасалады
АМАНИЯЗОВА Б.А.
гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан
Е-mail: bagdagul-1977@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4018-8952
ШУРЕНБАЕВА Э.Ә.
философия магистрі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Ақтөбе, Қазақстан
Е-mail: shura_helza@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-6805-7698
- Бекежан А. Билер дүнитанымы: танымдық тағлымдары және түсінік үлгілері// Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация.09.00.03 – философия тарихы.- Алматы: ФСИ, 2002.- 245 б.
- Адамбаев Б. Шешендік сөздер. Алматы. - 1992. – 166 б.
- Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы Алматы: Қазақстан,- 1995. 32б
- Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы. Ұжымдық монография. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және Дінтану Институты, 2020.- 341б.
- Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би – шешендері. 1, 2 Алматы: Жалын, 1993.- 400 б.
- Рысқалиев Т. Х. Даналық пен түсініктің үлгілері.- Алматы: Ақыл кітабы, 1999. – 327 б.