ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ РӨЛІ (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіндегі Қазақстанның студенттері мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің арасында жүргізілген сауалнама негізінде)

Жарияланды 2024-09-30
ПЕДАГОГИКА Нөмір 77 № 3 (2024)
№3 (2024)
Авторлар:
  • ТАЖИБАЕВА С.Ж.
  • МҮТӘЛІ Ә.Қ
  • ҚАДЫСҚЫЗЫ А
  • АМРЕНОВА А.Н.
PDF

Мақалада отбасының негізгі құндылықтары жан-жақты талданды. Қазақ халқының рухани байлығының бірі – отбасы құндылықтары. Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілік қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы болып табылады. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтардың орны ерекше. Әр бала негізгі құндылықтарды отбасынан алады және отбасында бойына сіңірген барлық құндылықтарды ересек өмірінде ұстанады.

Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясын кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Жаһандану процесі өсіп келе жатқан жасөспірімдерге кері әсерін тигізіп, өз ұлттық болмысынан алыстатып, ұлтқа жат құндылықтарды бойына сіңіруіне әкеледі.  Сондықтан ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру әрбір отбасының мақсаты болуы тиіс. Мақалада авторлар жаһандану жағдайында Қазақстандағы студенттер мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің арасында сауалнама жүргізіп оны талдау арқылы отбасы құндылықтарының рөлін анықтады. Сонымен қатар Қазақстандағы студенттер мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің отбасы құндылықтары талқыланып, басты құндылықтар анықталды.

ТАЖИБАЕВА С.Ж.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Е-mail: sauletazhibaeva@mail.ru , https://orcid.org/0000-0002-5655-8391

МҮТӘЛІ Ә.Қ

Педагогика ғылымдарының кандидаты, шет тілдері кафедрасының доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Е-mail: mutali_tur62@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-6090-9529

ҚАДЫСҚЫЗЫ А

Педагогика магистрі, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Е-mail: kadys_a@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-6099-6335

АМРЕНОВА А.Н.

Білім басқару магистрі, шет тілдері кафедрасының оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Е-mail: amrenova.an@gmail.com, https://orcid.org/0009-0003-3351-7348

  1. Меңлібекова Г.Ж., Нәби Лиза, Баишева Г.М. Бала мен отбасы арасындағы қарымқатынас мәдениеті // Ш. Уәлиханов ат. КУ Хабаршысы. №1 (3), 2021. - Б. 23-28.
  2. https://online.zakon.kz/Document/doc_id=1005029&pos=258;-50#pos=258;-50
  3. Пидкасистый П.И. Педагогика / под редакцией П.И. Пидкасистого. - Москва: Высшее образование. 2007. - С. 430.
  4. http://adilet.zan.kz. Заң КZ. [Электрондық ресурс]
  5. Әл-Фараби, Философиялық трактаттар. - Алматы: Наука. 1972. - Б. 430.
  6. Момышұлы Б. Шығармалары. - Алматы: Жазушы. Т. 1-2. 1968. - Б. 416.
  7. Штомпка П., Социология социальных изменений / Пер. с англ. под ред. В.А. Ядова. - Москва: Аспект Пресс. 1996. - С. 416.
  8. Gurko L. Crisis of the American Mind. - N.Y.: Rider and Company. 1958.
  9. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат. 1995. - Б. 350.
отбасы, отбасы құндылығы, ұлттық тәрбие, ата-ана, ата-әже, бала, ана тілі, қандастар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ РӨЛІ (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіндегі Қазақстанның студенттері мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің арасында жүргізілген сауалнама негізінде). (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 77(3), 55-62. https://doi.org/10.70239/arsu.2024.t77.n3.07