КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕР: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Жарияланды 2024-06-28
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 76 № 2 (2024)
№2 (2024)
Авторлар:
  • Ж.Ж. ДАВЛЕТБАЕВА
  • Н.С. ҚАЛАУОВ
PDF

Комплаенс институты халықаралық деңгейде дәлелденген, жемқорлық тәуекелдерімен күресті тиімді құрал болып табылады. Мақалада квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы компаленс-қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы маңызы
айқындалған. Қазақстан тәжірибесіндегі комплаенс-қызметтің өзекті мәселелері сараланған. Соңғы төрт жылға жуық уақыттағы комплаенс-қызметті ұйымдастырудағы сақталып отырған проблемалар сарапшылар арқылы зерделенген. Әсіресе, тікелей бағыныстылығы бар ұйымдардағы комплаенс қызметтің тәуелсіз қызметіне мән берілген. Қазіргі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ерженің барша
ұйымға біріңғай талаппен жасалуы, жұмыс тиімділігінее әсер ететіні атап өтілген. Ағымдағы жағдайды айқындау мақсатында квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі комплаенс-қызмет мамандарынан жасырын түрде онлайн-сауалнама алынған. Сауалнама нәтижелері комплаенс қызметтің ұйым басшысына тәуелділігі, кадр әлеуетінің төмендігі мен бизнес-процестерді ұйымдастырудың төмендігін көрсеткен. Ресей мен
Қазақстандағы комплаенс-қызметтің артықшылықтары, әлсіз тұстары, мүмкіндіктері мен тәуекелдері талданған. Зерттеушілер тарапынан комплаенс-қызметтің тиімділігін арттырудағы аутсорсинг тәсілінің тиімділігі көрсетілген. Квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас жемқорыққа қарсы комплаенсқызмет туралы үлгілік ережеге комплаенс-қызметтің функциялары мен процестерінің бір бөлігін аутсорсингке беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған. Комплаенс-қызметтің тәуесіздігін арттырудағы ұсынылып отырған шешімнің жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекедерінің алдын ау мен азайтуда оң нәтиже беретіні жөнінде тұжырым жасалған.

Ж.Ж. ДАВЛЕТБАЕВА

Магистрант, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебі, Астана қ., Қазақстан.
Е-mail: zhuldyz.davletbayeva@apa.kz, https://orcid.org/0000-0002-2271-1570;

Н.С. ҚАЛАУОВ

 Әлеуметтік ғылымдар кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебі, Астана қ., Қазақстан.
Е-mail: kalayov1976@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-0583-4517;

  1. Әлем бойынша Құқық үстемдігі индексі https://worldjusticeproject.org/ Жүгінген күні:14.04.2024.
  2. Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индесі 2023 жыл. https://transparency.kz/ru/. Жүгінген күні: 22.04.2024.
  3. Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік секторды реформалау жөніндегі талдамалық баяндаманы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі №654 қаулысы. (2-бөлім, 2.2 пункт, 3-бөлім, 3.2 пункт) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2200000654. Жүгінген күні: 22.04.2024
  4. «Kazakstan Bar Association» заң консультанттары Палатасы мен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚБ-нің квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтер жұмысына жүргізілген монитиоринг есебі. Алматы, 2022 жыл. 5, 9-11, 27-28 беттер.
  5. Информационное сообщение о сущности комплаенс. http://www. wikipedia. ru/ Жүгінген күні: 30.04.2024.
  6. Джеффри М. Каплан. Kaplan & Walker «Сәйкестік және этика талаптарын сақтауға байланысты тәуекелдерді бағалау:Тұжырымдамалар, әдістер және жаңа бағыттар». LLP Принстон, Нью-Джерси, 2019. 7-11,45 беттер, www.kaplanwalker.com. Жүгінген күні: 19.04.2024.
  7. ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты. www.iso.org/directives). 5.3.2 пункттер, 18 бет. Жүгінген күні: 30.04.2024.
  8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 1 тарау, 1 бап. «Әділет» АҚЖ (zan.kz). Жүгінген күні: 10.04.2024.
  9. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы "Әділет" АҚЖ (zan.kz). Жүгінген күні: 27.04.2024.
  10. Прасолов В.И, Чешунас А.К «Аутсорсинг комплаенс процедур как способ оптимизации расходов на комплаенс-функцию». Russian Economic Bulletin .Российский экономический вестник 2020, Том 3, №2 (20-23 с). Жүгінген күні: 18.02.2024.
Квазимемлекеттік сектор, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет, сыбайас жемқорлық тәуекелдері, мониторинг, онлайн-сауалнама, аутсорсинг, үлгілік ереже.