Жалпы өсімдік құрамын зерттеу қазіргі таңда актуальды мәселенің бірі болып табылады. Себебі, өсімдік құрамында күрделі органикалық оның ішінде циклді, гетероциклді, ароматты және т.б. қосылыстар көп кездесіп жатады. Солардың бірін зерттеу барысында біз Ақтөбе облысы Қобда ауданында кездесетін дәрілік өсімдік андыз өсімдігін қарастырдық. Дәрілік өсімдіктердің маңызы аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Андыздың химиялық құрамына адам ағзалары мен микроорганизмдерге әртүрлі әсер ететін көптеген түрлі микроэлементтер кіреді. Ғылыми зерттеулерде андыз тамыр сығындыларының антиоксиданттық, қабынуға қарсы, ісікке қарсы, гипогликемиялық және гиполипидемиялық қасиеттері анықталды. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қабыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы кездеседі. Андыз өсімдігі құрамынан эфир майын алу мақаламыздың басты мақсаты болып табылады. Тамырынан эфир майын бөліп алу үшін экстракциялау әдісі қолданылды. Эфир майы айқын хош иісті және қою көк түсті. Майдың құрамында алантолактон, изоалантолактон және басқа сесквитерпендік лактондар сияқты органикалық қосылыстар бар. Андыздың эфир майы қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және саңырауқұлақтарға қарсы әсерге ие. Ол медицинада, косметологияда және ароматерапияда кеңінен қолданылады. Халықтық медицинада бұл май суық тию, жөтел, бронхит емдеуде қолданылады. Косметологияда ол проблемалы және майлы теріге күтім жасауға арналған кремдер құрамында болады.
С.Д. ДУЗЕЛБАЕВА
Мұнай-химия магистрі, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: sduzelbayeva@bk.ru, https://orcid.org/0000-0003-3752-8119
Д.Ж. АСАНОВА
6В05302-Химия ББ 4 курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: dilara.asanova.03@mail.ru, https://orcid.org/0009-0004-0425-4822
А.Ғ. АДИЛОВА
6В05302-Химия ББ 4 курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: adilova.aiken@mail.ru, https://orcid.org/0009-0004-4534-4912
- Губанов И. А. и др. 1380. Inula helenium L. — Девясил высокий// Иллюстрированный определитель растений Средней России. В 3 т. — М.: Т-во науч. изд. КМК, Ин-т технолог. иссл., 2004. — Т. 3.— С. 444.
- Курганская, С.А. Девясил высокий // Биология. – 2004. – № 9. – C. 19-20.
- Мацюцкий, С.П. Заветные травы. – Изд-во Днепропетровск: «Проминь», 1990. – С. 164-178.
- Николайчук, Л.В. Растения-целители. – Мн.: Ураджай, 1996. – С. 75-77.
- Беляев, Н.В. Современная энциклопедия траволечения.– Мн.: Современный литератор, 2005. – С. 151-154.
- Носаль М.А. Лекарственные растения и способы их применения в народе. – Мн.: Полымя, 1997. – С. 82-85.
- Андреенков, В.А. Изменение состава эфирных масел пряноароматических растений при хранении // Пищевая промышленность – Выпуск № 7. – 2001.
- Скурихин, И.М. Руководство по методам анализа качества и безопасности пищевых продуктов. – М.: Брандес-Медицина, 2008. –341 с.
- Уанкпо, Сегбехин Бие Берже, Современные подходы к оценке качества лекарственных препаратов, содержащих эфирные масла и терпеноиды эфирных масел, на примере ромашки аптечной: автореф. дис, СПХФА – М., 2008 – 200 с.
- Ибадуллаева А.К., Кожанова К.К., Бошкаева А.Л., Жетерова С,К., Курманалиева Ш,М., Жыланбаева Б.К., Милисова Н.Б. Британ андыз және Каспий андыз дәрілік өсімдік шикізатының минералдық құрамын зерттеу// Фармация Казахстана. – 2022. №1. 145-151стр. DOI: https://doi.org/10.53511/pharmkaz.2022.20.65.024
- Кнунянц И.Л. Химическая энцеклопедия в 5 томах. – Изд. «Советская энциклопедия». - 1990.
- Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 264c
- Колумбаева С.Ж. и др. Антигенотоксический эффект фиточая из корней и корневищ девясила (Inula helenium L.)// Вестник КазНУ Серия Биологическая. - № 3(65)- 2015.-С.135-141