ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕРТЕ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІНЕ ЖЫЛЫЖАЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланды 2024-06-28
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 76 № 2 (2024)
№2 (2024)
Авторлар:
  • М.С. АГАДИЕВА
  • А.С. БЕРКАЛИЕВА
PDF

Әлемдік білім кеңістігіне бағдарланған білім берудің басты мақсаты – білімді меңгеру ғана емес, білім-білік дағдылары арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, білімді де білікті жеткіншектерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда бүгінгі мектеп оқушыларының алдында тұрған міндеттер күн сайын өзекті бола түсуде. Өйткені бүгінгі мектеп оқушылары – болашақ қоғамымыздың басты бет-бейнесі. Сол себепті мектепте жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстары бүгінгі таңда үлкен маңызға ие. Жалпы білім берудің негізгі үш міндеті бар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және болашақта белгілі бір кәсіпке дайындау. Осы үш міндеттің ішінде әлеуметтік даму күрделене түскен сайын баланы ерте жастан болашақ мамандығына қарай дамыту ең маңызды
міндет екені дәлелденді.Қазіргі кезде жалпы білім берудің міндеті тек қана емес. Баланың жалпы дамуын қамтамасыз ету, бірақ ең бастысы оны жастайынан қабілеті мен қызығушылығына сәйкес белгілі бір мамандыққа бағыттай білу. Кәсіптік оқыту – әрбір адамның ерекшеліктерін және халық шаруашылығы мен жекелеген өндіріс салаларында сұранысқа ие мамандықтарды ескере отырып, жастарды еркін және өз бетінше мамандық таңдауға үйретудің ғылыми негізделген жүйесі. Кәсіптік бағдар беру – жас ұрпақты өздері ұнататын тиісті мамандықты саналы түрде талдауға дайындауға бағытталған қызмет. Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыра отырып, оқушыларды мамандықтар әлемімен, олардың мазмұнымен, ерекшеліктерімен, өзіндік қасиеттері бар адамға қойылатын талаптармен таныстыру, алға қойған мақсатына сәйкес саналы түрде таңдалған мамандыққа қызығушылыққа тәрбиелеу қажет. Өндірістік-шаруашылық салаларының дамуы және оның нарықтық экономикадағы рөлі. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілетін қалыптастырудың да маңызы зор.

М.С. АГАДИЕВА

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: agadieva1974@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5405-7131

А.С. БЕРКАЛИЕВА

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: berkalieva_22@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-8448-4710

  1. ҚР «Білім туралы» заңы. Астана, 2004ж
  2. Болашақ талапкердің мамандық тандауына педагогикалық-психологиялық көмек [Мәтін] / Б. Е. Сабырбай, Ж. М. Зейнуллина // «Бейіндік мектеп» - Қарағанды. – 2012. – Б.1. – С.77б.
  3. Haviland-Jones ,The Hidden Genius of Emotion, 2005. – 64б.
  4. Кәсіптік бағдар беру проблемалары. С.Ғ.Құрымбаев, А.М.Әшімбекова // Орталық Қазақстандағы жоғары педагогикалық білімнің дамуы тарихы міндеттері келешегі ҚР Білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкері проф. С.Қ Досмағамбетовтың 85 жасқа толуына арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. 24 қазан. – Қарағанды. – 2013. – C. 280-281 б.
  5. ШЖМ білім алушыларының кәсіпке өзіндік бейімділігін анықтауы бойынша әдістемелік ұстанымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 288 б.
  6. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. - Изд. 2-е. - СПб.: Питер, 2001. - 272 б.
  7. Дружинин В.Н. Модель интеллектуального диапазона. Интеллект и общество Психология // Журнал Высшей школы экономики. - 2005. - Т. 2, №3. - С. 78. 100
  8. Холодная М.А. Когнитивные стили. О природе индивидуального ума. - СПб.: Питер, 2004. - 384 с.
  9. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. - 384 б.
  10. Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 75 б.
  11. Андреев Г.Г., Андреев Г.Г. Магия интеллекта или Книга о том, когда дети бывают умнее, быстрее, смышленнее взрослых. - М.: Эйдос, 1994. - С. 34.
  12. Искакова Л. Сыни ойлау негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зияткерлігін дамыту. 6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2022. – DOI: https://doi.org/10.52334/NZhK.2021.16.74.017
  13. бет
  14. Ромащук А.Н. Теория деятельности А.Н. Леоньева и проблема преодоления двухфакторного подхода к детерминации психики // Вестник Московского университета. Серия Психология. - 2013. - Вып. 2. - С. 26-29.
  15. Взаимодействие общеобразовательной школы и специальных учебных заведений в профессиональной ориентации молодежи: Межвузовский сборник научных трудов. – Ярославль: ЯГПИ им. К. Д. Ушинского, 1984 – 98 с.
Білім беру, білік дағдылары, дамыған тұлға, дүниетаным, мамандық таңдау, кәсіптік оқыту, қызығушылық, қабілетті қалыптастыру.