Ұсынылып отырған мақала Ақтөбе өңіріндегі большевиктік режимнің жеңісі және оның жүргізген саясатына арналған. Ресейдегі қазан төңкерісінің жеңісі Қазақстанда да, Кеңес өкіметінің орнауын жеңілдетті. Бұл ретте Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы әлеуметтік-экономикалық артта қалу, қазақ ауылында патриархаттық қатынастардың үстемдігі, большевиктік ұйымдардың аздығы мен әлсіздігі, ұлтаралық қатынастардың күрделілігі сияқты бірқатар қосымша қиындықтармен байланысты болды. Мақалада автор, мәселе төңірегіндегі зерттеулер мен деректерге шолу жасай отырып, ХХ ғасырдың басында Ресейде пайда болған большевиктік диктатураның жүргізген әрекеттері, сондай-ақ Қазақстандағы оның ішінде Ақтөбе
аумағында Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктерін қарастырады. 1917 жылғы Қос төңкерістің нәтижелері және өлкенің ішкі, саяси-экономикалық өмірінде орын алған өзгерістер облыстық архивтік құжаттар негізінде талданады. Мақалада Кеңес үкіметінің орнауы және оны жүзеге асырудағы саяси, әлеуметтік қиыншылықтар мен кедергілерде назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, большевиктік диктатураның үстемдігі кезіндегі өлкенің азамат соғысына тартылуын бейнелеуде архивтік деректер сарапталады. Қос төңкеріс аралығындағы елдің саяси дамуын сипаттауда алаш қайраткерлерінің қызметіне назар аударылған.
А.М. ЕСПЕНБЕТОВА
Тарих ғылымдарының кандитаты, аға оқытушы, Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе
e-mail: aikami@mail.ru https://orcid.org/0000-0003-0026-9678
Н.Е. ДОСОВ
Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе
e-mail: dossov.nurbek@mail.ru https://orcid.org/0009-0008-3820-7708
- Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. - Алма-Ата: Рауан, 1990. – 136 с.
- Установление Советской власти в областях Казахстана (1917-1918): Сборник статей / Акад. наук Казах. ССР. Институт истории, археологии и этнографии; [Ред. коллегия: Т. Е. Елеуов, С. Н. Покровский (отв. ред.) И. В. Русаков]. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1957. 238 с.
- Минц И.И. История Великого Октября: Коллектив авторов (Наумов В.П., Поспелов П.Н., Трукан Г.А., Молоцыгин М.А., Федосеев П.Н., Поляков Ю.А., Иноятов Х.Ш., Сумбатзаде А.С. и др.). Т.1. М. -1967. 930 с.
- Тәжібаев М.Қ. Ақтөбе облысының тарихы (1864-1991). Ақтөбе, 1999.80 б.
- Султангалиева Г.С., Ерофеева И.В., Бисембаев А.А. и др. История Актюбинской области. – Актобе, 2006. – 698 с.
- Хрестоматия по новейшей истории Казахстана 1917-1939 гг. / Под ред. К.Каражанова. - Алматы: Санат, 2002. 408 с.
- Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві, 1-қор,1-тізбе, 2-іс.
- Қойгелдиев М.К. Алаш қозғалысы I том.Aлматы, «Санат», 1995. 368 б.
- Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия., 1994. 216 с.
- Әбжанов Х., Алаш қозғалысындағы ұлттық идея эволюциясы, «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылымипрактикалық конференция материалдары, Семей, 2008. Б.9.