Қазіргі уақытта цифрлық технологиялардың дамуына және адам қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жеделдетілген қарқынына байланысты STEM оқыту білім беру жүйесінің барлық деңгейінде ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды және өзекті мәселе болып табылады. Сонымен қатар технологиялық сауаттылықты біріктіру математикалық, ғылыми, инженерлік сараптама мен интеграциялық шешімдерді іздеудің күрделі процесіндегі мәселелер мен перспективаларды тереңірек түсінуге ықпал етеді деп күтілуде.
Бұл мақалада STEM білім беруді ұйымдастырудың жолдары, мәселелерді шешу үшін оқыту мазмұнын
қалыптастырудың бірнеше тәсілдері және STEM білім беру саласындағы шет ел тәжірибелері қарастырылып, AutoPlay Media Studio ортасында программалық жабдық әзірленді. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып оқушыларына арналған оқулығы негізінде жасақталды. «Заттар интернеті» атты IV тараудың барлық тақырыптарын қамтиды. Әр тақырып бойынша тақырыптық жоспар, қысқа мерзімді жоспар, тапсырмалар және электрондық
ресурстар келтірілген. Онлайн конструкторлар мен программалық орталар мен жабдықтарды қолдану жолдары ұсынылды. Бұл «Информатика» (11 сынып) оқулығы негізінде құрылған программалық жабдық мектептің информатика пәні мұғалімдері мен осы мамандық студенттеріне пайдалы болуы мүмкін.
А.М.БАЙГАНОВА
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан E-mail: altynzer_70@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5717-8422
Н.К.НАУРЫЗОВА
магистр, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан. https://orcid.org/0000-0002-9012-9697
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы[Электрондық ресурс]. – URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000988/history
- "Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауы [Электрондық ресурс]. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000051
- Artificial Intelligence, Automation, and the Economy. - Executive Office National Science and Technology Council, December 2016, 59p. [electronic resource].
- URL:https://www.whitehouse.gov/sites/whitehouse.gov/files/images/EMBARGOED%20AI%20Economy%20Report.pdf.
- Реформа школьной системы образования (отечественный и зарубежный опыт) [Текст]. //Аналитический центр при правительстве РФ. Бюллетень о сфере образования, №10, декабрь, 2016 – 36 с.
- Алишев Т.Б., Гильмутдинов А.Х. Опыт Сингапура: создание образовательной системы мирового уровня [Электронный ресурс]
- URL:http://ecsocman.hse.ru/data/2011/07/19/1267422760/Alishev.pdf
- В. Н. Чемеков, Д. А. Крылов. STEM – новый подход к инженерному образованию [Текст]. // Вестник Марийского государственного университета. №5(20), 2015 –С. 59-64
- Ногайбаева Г., Жумажанова С. Развитие STEM образования в мире и Казахстане [Текст]. "Білімді ел - Образованная страна" №20 (57) от 25 октября 2016г.
- STEM білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар [Текст]. Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 160 б.
- В.Г. Архипова, Р.Г. Амдамова, Н.К. Беристемова, К.Б. Кадыракунов. Информатика. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 11-сынып оқушыларына арналған оқулық [Текст]. – Алматы: «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ», 2020. – 264 б.
- M. Yerekecheva, A. Baiganova, A. Bekbauova, N. Nauryzova. BASIC CONCEPTS OF STEM EDUCATION FORMATION AT SCHOOL. MATERIALS of the VII World Congress of Turkic World Mathematicians (TWMS Congress-2023) (Part III). September 20–23, 2023,
- Turkestan, Kazakhstan. p.103-107.