Мақалада ферроқорытпа ӛндірісінің шаңдарын қайта пайдалану мүмкіндіктері қаралады.
Қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған заводтардан жұмыс барысында бӛлінетін шаң мен газ тәріздес техногендік
қалдықтар ӛндірістегі жұмысшылар мен қоршаған ортаға орасан кӛп зиян келтіреді. Олар атмосфераны ластап
қоймай топырақ пен суды да улайды. Зияндылығы мен қатар бұл ӛндірістегі технологиялық кӛрсеткіштерін тӛмендетеді. Бұл проблема ферроқорытпа ӛндірісіндегі негізгі үлкен мәселелердің бірі болып табылады. Осы
мақалада технологиялық қалдықтармен шет елдік және отандық ғылыми орталықтар мен завод жанындағы
ғылыми-зерттеу нышандары жүргізген тәжірибелердің нәтижелері кӛрсетілген. Бүгінгі таңда ұсақ дисперсті
материалдар мен аспирациялық шаңды қайта пайдалану үшін оларды кесектеу кажеттілігін алға тартып отыр.
Шаң ұстағыштары бар газ тазарту жүйелерінің кӛмегімен ұсталған ұсақ фракциялы материалды кесектеудің
заманауи әдістерін қолдана отырып, металлургиялық талаптарға сай ӛнім алу нұсқалары қарастырылған.
ФЕРРОҚОРЫТПА ӨНДІРІСІНІҢ ШАҢЫН ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ
хром, кесектеу, аспирациялық шаң, шекемтас, брикет, феррошаң
ФЕРРОҚОРЫТПА ӨНДІРІСІНІҢ ШАҢЫН ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 62(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/316