Білім алушылардың математика есептерін шығару барысында ойлау қабілеттерін, пәнге
деген қызығушылықтарын арттыру үшін ең қызықты немесе стандартты емес есептерді шығарту керек.
Мақалада стандартты емес есептерді дәстүрлі емес шешу жолдары қарастырылған. Келтірілген есептерді шешу
барысында математикалық талдау пәнінен алған білімімізді қолдана отырып, есепті шығармас бұрын фукция,
функция қасиеттері туралы мағлұматтарды білуіміз керек. Әр түрлі теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін
табуда функцияның қандай қасиеттеріне баса назар аудару керектігі айтылып, мысалдар арқылы қасиеттердің
қолданылуы ашып келтірілген. Нақтырақ айтар болсақ, мақалада функцияның монотондылық қасиеттері мен
экстремальдық қасиеттері қарастырылып, есептер шығаруда қолданылған.
СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ
стaндaртты емес есептер, теңдеу, теңсіздік, функция қaсиеттері, функция монотондылығы
СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 62(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/295