Қолданбалы механика пәнін оқытуда курстың күрделілігіне, ерекшелігіне байланысты логикақұрылымды сұлбаларды қолдану әдістемесі қарастырылады. Заманауи талапқа сай ақпарат құралдары
бағдарламаларын техникалық пәндерде қолдану негізгі мәселелерді шешуде үлкен роль атқарады. Оқу материалының негізгі элементі ретінде арнаулы техникалық терминдермен, белгілермен бекітілген ұғымдар айқындалады. Конструкторлық тәлім беруде, техникалық ой өрісін дамытуда логика-құрылымды сұлбаларды қолданумен сабақ жүргізу уақыт үнемдеу тиімділігімен маңыздылығын табады. Логика-құрылымды сұлбаларды қолдану білім алушылардың тақырып бойынша білімдерін жүйелендіру және олардың конструкция есептеулерінде практикалық мәнін жалпыландыруға арналғанын көрсетеді.
қолданбалы механика ұғымдары, логика құрылымды сұлбалар, деформация, кернеу, негізгі болжамдар, серпімділік модулі, Гук заңы
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ҚОЛДАНБАЛЫ МЕХАНИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУ ҚҰРАЛЫ КЕШЕНІН ҚҰРАУШЫ ЛОГИКА-ҚҰРЫЛЫМДЫ СҰЛБАЛАР. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 61(3). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/294