ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАМАУ ҮШІН ҚАЗІРГІ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды 2024-07-09
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 70 № 4 (2022)
№4 (2022)
Авторлар:
  • ИСМАИЛОВА Б.Ш
  • УСПАНОВА К.К.
PDF (Russian)

Бұл мақалада кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің тәрбиелеу, оқыту және қорғау міндеттерін орындамауына қатысты әкімшілік жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылған. Балаларға, олардың физикалық, интеллектуалдық, рухани және адамгершілік жағынан дамуына қамқорлық жасау ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің негізгі міндеті болып табылады. Бұл ретте балаларды тәрбиелеу процесінің сапасы ең алдымен ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге, олардың өз балаларының оқытуын, денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін орындау сапасына байланысты болады. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша практиканы талдау бойынша әкімшілік айыппұлды тағайындау тиімділігінің мәселелері анықталды және оған балама әкімшлілік жаза түрлері ретінде ескерту, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде әкімшілік жаза белгілеу ұсынылды. Заңды өкілдердің кінәсін анықтауда нақты критейрийлердің орнатылу қажеттігі талданды. Мұндай критерийлерге балаға немқұрайлықпен қарау, денсаулығына көңіл бөлмеу, санитария ережелерінің мүлде сақталмауы, баланың білім алуына кедері жасау, тәрбиелеуге көңіл бөлмеу. Сонымен қатар балалар арасындағы құқықбұзушлық санының соңғы жылдары артуы қатаң шараларды қажет етеді. Бұл сұраққа байланысты жассөсіпірімдерді 14 жастан бастап әкімшілік жауапкершілікке тарту қажеттілігі тақырыбы көтерілді.

әкімшілік құқық, әкімшілік құқық бұзушылық, отбасы, кәмелетке толмағандар, ата-ана, заңды өкіл, тәрбиелеу

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАМАУ ҮШІН ҚАЗІРГІ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 70(4). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/281

Жүктеу сілтемесі