СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАБІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-09
ПЕДАГОГИКА Нөмір 69 № 3 (2022)
№3 (2022)
Авторлар:
  • М.Н. ЕСЕНГУЛОВА
  • А.Г. ҚАЗАМАҒАМБЕТОВ
PDF (Russian)

Студенттік аудиторияда біліммен бірге тақырыптың мазмұнына сәйкес тәрбиелік мазмұны бар
әдіс тәсілдерді қолдану болашақ педагогтардың кәсіби даярлығының сапасын артырады деп білеміз. Сондықтан
бүгінгі таңда қарым-қатынас мәдениеті мәселелесі өзекті болып табылады. Мақалада, студенттердің бір-бірімен
байланыс жасау барысында болашақ маман ретінде қалыптастырудың алғы шарты ретінде топтық жұмыста
қолданылатын стратегияларды тиімді пайдаланылды. Қолданылған стратегияларды тиімді қолдануда студенттеріміздің ойды жүйелі, еркін жеткізуге, педагогикалық мәдениет пен құзыреттілікті қалыптастыруға
бағытталады. Мақалада замауи әдіснамаларды қолдану, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы,
диалогтік оқыту жүйесі бойынша тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыруға арналған стратегияларды оқу
процесінде пайдалану мәселелері қарастырылған. Топтық жұмыс барысында замауи инновациялық
технологияларды пайдалану студенттердің қарым-қатынас мәдениетін және болашақ кәсіби маман ретінде
қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға тиімді. Мақсаты, топтық жұмысты қолдана отырып оқу процесіндегі
педагогикалық іс-әрекетті дамыту, қарым-қатынас мәдениетін әс-тәжірибе жүзінде қалыптастыру және
студенттердің көпшілік алдында еркін сөйлеу, ойлау қабілетін жетілдіре түсу болып табылады. Жоғары оқу
орнындағы оқу процесінде оқу-танымдық міндеттерді бірлесіп шешуге, ақпарат алмасуда топтық жұмыстың
тиімділігі сипатталады.

қарым-қатынас, мәдениет, топтық жұмыс, студенттердің қарым-қатынас мәдениеті, тәрбие, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, тыңдалым

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАБІРЛЕСКЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 69(3). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/254

Жүктеу сілтемесі