БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-09
ПЕДАГОГИКА Нөмір 69 № 3 (2022)
№3 (2022)
Авторлар:
  • А. К. ТОГАЙБАЕВА
  • М.Р.ШАМТИЕВА
PDF (Russian)

Мақалада автор бүгінгі таңдағы жоғары оқу орындарында білім алушы жастардың құқықтық
мәдениеті мәселесіне тоқталады. Сонымен қатар, аталған ұғымды талдап, оған ғылыми тұрғыда сипаттама берген. Жастардың адамгершілік-құлықтық мәселесіне тоқтала келе, оның маңызды тұстарын ашып көрсеткен.
Құқытық мәдениет қалыптастырумен құқықтық насихаттың педагогика ұстанымдарымен байланысын, білім
алушылардың тәрбиесіне әсерін сөз еткен. Педагогтың құқықтық мәдениеттілігі заң талаптарын сақтау, оқушы
шәкірттердің мүддесін қорғау, өз мүддесін қорғау, қарыз бен парыз ұғымдарын тұрмыста жете пайдаланудан
тұратындығын автор атап көрсетеді. Сонымен қатар, жастар арасындағы түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу
мәселелерін педагогикалық шарттар мен педагогикалық ұстанымдар арқылы байланысту тұстары да зерделенген.
Білім алушы жастардың, соның ішінде педагогикалық білім бағдарламасы бойынша білім алушылардың
құқықтық мәдениет деңгейі, оның қалыптасу шарттары, мүмкіндіктері де сөз етіледі. Қазіргі таңдағы болашақ
мамандар тәрбиеленіп жатырған педагогикалық білім бағдарламар білім алушыларының қоғамдағы құқықтық
әрекеттері, заңды білуі, орындауы және заң аясындағы нормаларды сақтай білуінің мағыздылығы да сөз етіледі.
Мақала болашақ мамандарға құқытық мәдениет шеңберінде білім қалыптастыруы үшін маңызы болып саналады.

білім алушылар, құқықтық мәдениет, жоғары оқу орны, педагогикалық ұстаным, педагогикалық мүмкіндік, педагогикалық шарттар