Адамды әрқашан ертеңгі күн алаңдатады. Бірақ оның негізін қазіргі күннен іздейді. Себебі ол болашағы үшін бүгін әрекет ете алады, өзін, әлемді өзгерте алады. Ағарту дәуірі «қазіргі заман» концепциясына бастау берді. Оның миссиясын анықтап берді. Кейіннен бұл ұғым аясы кеңіп, жаңа мәнге ие бола бастады. «Қазіргі заман» ұғымы қандай мәнге ие болса да, әрқашан қоғам дамуының шындығы мен даму әлеуетін бағалау үшін қолданылады. Мақалада сонымен қатар тұлғаның дамуы үшін қолайсыз концепциялар келтіріледі, бүгінгі бар жаһандық мәселелер мен жетістіктер көрсетіледі. Бүгінгінің түрлі құбылыстары мен процестерінің күрделілігі мен өзара байланысы туралы қорытынды жасалады. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін «қазіргі заман» ұғымы алдыңғы және кейінгі шекарасы анықталған хронологиялық логикаға сәйкес мағына берілген тарихтың сатысы ретінде қарастырылды. Қазіргі заманды құрайтын барлық мәселелер де, жетістіктер де екіұшты және өзара байланысты. Алайда қазіргі уақыт - әлемдегі жағдай өркендеу мен қорқынышқа бірнеше сәтте өзгеруі мүмкін қызықты уақыт. Таңдау мен әрекет біздікі.
Б.А.АМАНИЯЗОВА
гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан
Е-mail: bagdagul-1977@mail.ru , https://orcid.org/;0000-0003-4018-8952