Бұл мақалада парафинді көмірсутектерді изомерлеу процесінің мұнай өңдеу және мұнай
химиясы өнеркәсіптеріндегі маңызы мен мақсаты қарастырылады. Көбіне парафиндерді изомерлеу процесі
бензинді тура және екіншілік айдаудың жеңіл фракцияларының, құрамында пентан және гексан сияқты
көмірсутектері болатын фракциялардың октан санын жоғарылату үшін қолданылады. Алынған изомеризаттар
октан саны жоғары автомобиль бензиндерін алу үшін каталитикалық риформинг бензинінің құрамына кіретін
қажетті компонент ретінде пайдаланылады. Қазіргі уақытта автомобиль бензиндерін дайындауда қоршаған
ортаға келтіретін зияны орасан зор болып табылатын тетраэтилді қорғасынды қолданудан бүкіл әлемдік бас
тарту тенденциясына байланысты бензиннің октан санын пентан мен гександы изомерлеу жолымен арттыру
ерекше маңызға ие болып отыр. Изомерлеу процесінің өнімі өз кезегінде мұнай мен мұнай химиясы
өнеркәсібінің, көмірсутектер синтезі өндірісінің, транспорт саласының дамуына, жалпы айтқанда ел
экономикасының өркендеуіне өз үлесін қосады.
БЕНЗИН ФРАКЦИЯСЫН ИЗОМЕРЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
парафин, изопарафин, бензин, катализатор, изомерлеу.
БЕНЗИН ФРАКЦИЯСЫН ИЗОМЕРЛЕУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 60(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/237