АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ АҒАШТАРЫ МЕН БҰТАЛАРЫНЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

Жарияланды 2024-07-09
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 60 № 2 (2020)
№2 (2020)
Авторлар:
  • Н.А. УТАРБАЕВА
PDF

Мақалада Ақтөбе қаласының ағаштары мен бұталарының саңырауқұлақ ауруларын идентификациялаудың нәтижелері берілген. Ең жиі кездесетін аурулар-ақ ұнтақ ауруы, тат ауруы, әртүрлі
теңбілдер, жапырақтар деформациясы. Саңырауқұлақ ауруларының 3 түрі Ulmus, 2 түрі –үйеңкі (Acer), 4 түрі - терек (Populus), 2 түрі – шаған (Fraxinus) және бір түрден Salix, Rosa, Malus, Padus, Crataegus туыстарында анықталды. Зерттеу нәтижесінде анықталған саңырауқұлақтардың объектілерде біркелкі емес таралғаны
байқалды. Бақтар мен саябақтарда қаланың шетіне қарағанда саңырауқұлақ түрлерінің аз екендігі анықталды.
Бұл қала ортасының әсері ұлғайған сайын жапырақтардағы ақ ұнтақ, тат ауруларын туғызатын түрлер санының азаюын көрсетті. Жапырақтарда дамитын саңырауқұлақ түрлерінің қала орталығына қарай азаю заңдылығы байқалды.

Саңырауқұлақ аурулары, ақ ұнтақ ауруы, тат ауруы, әртүрлі теңбілдер, жапырақтар деформациясы.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ АҒАШТАРЫ МЕН БҰТАЛАРЫНЫҢ САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 60(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/231

Жүктеу сілтемесі