ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ АРНАЛАРЫ

cover
Жарияланды 2024-07-02
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 59 № 1 (2020)
№1 (2020)
Авторлар:
  • О.К. СҰЛТАНҒАЛИЕВА
PDF

Мақалада әдебиеттану ғылымының маңызды мәселелерінің бірі поэзиядағы тақырыптық арналар туралы мәселе қарастырылады. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясы тақарыптық және идеялық тұрғыдан жаңарған, жаңашылдыққа құрылған тың бағытта дамып келеді. Бұл ретте қазіргі қазақ поэзиясының белгілі ӛкілі Гүлімай Әбішқызы туындыларының тың тақырыптық сипатқа құрылуы туралы айтылады. Ақын шығармаларындағы ұлттық сананы қалыптастырушы мәселелер ретінде Тәуелсіздік жемісі, туған жер тағдыры, елге қызмет ету мәселелері талданады. Ақын өлеңдерінде ұлттық сананың, тарихи сананың оянуы қаншама жылдар бойы айтылмай, жазылмай келген ақиқаттың ақтаңдақтарын анықтауға, жүріп өткен асуларымызбен алдық деген асқарларымыздың қаншалықты тарихи маңызы болғанын жырлауға мән берілген.

  1. Бөкейханов Ә. Шығармалары. –Алматы: Казак энциклопедиясы, 1995.
  2. Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік. –Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. –232 б.
  3. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. 8-том. –Алматы: Қазығұрт, 2007. –48 б.
  4. Әбішқызы Г. Ай қызы –арман. –Ақтөбе: "А-Полиграфия", 2011. –112 б.
  5. Әбішқызы Г. Дат, тақсыр тағдыр. –Алматы: Жазушы, 2015. –192 б
қазақ поэзиясы, тәуелсіздік кезеңі, Гүлімай Әбішқызы шығармашылығы, тақырып, көркемдік ізденістер