Мақалада тарихи романдағы уақыт байланысы мәелесі зерделенеді. Роман түрлерінің ішіндегі
тарихи роман табиғатын тануға мән берілген. Тарихи романның жанрлық сипаты, кӛркем шығармада ӛткен
дәуiрдегі оқиғалардың суреттелуi, қазіргi мен ӛткеннің арасында белгiлi бiр кеңiстiктің болуы зерделенеді.
Тарихи роман жанрының басты белгілері, яғни тарихилық, аяқталған кезең және документтiлiк туралы
айтылады. Тарихи роман тарихи фактілерді білуге ғана емес, тарихқа бойлау, ӛткен оқиғаны сезіп, басынан
ӛткеруге мүмкіндік береді. Тарихи романның негізгі сипаты, басты шарты сақталған жағдайда, оның біртұтас
бітімінен, ішкі әлемінен танылатын бірінші ерекшелігі – осы уақыт факторы. Әдебтте тарихи романда кеше –
бүгін – болашақ уақытының тізбегі қолданылады, жазушы уақыт кӛшінің үздіксіздігін де, бір сәттілігін де
сипаттайды.
- Баканов А.Г. Современныйзарубежныйисторическийроман. -Киев: Выщашкола, 1989. -328 с. (A.G.Bakanov ―Modern Foreign Historical Novel‖)
- Атымов М. Қазақромандарыныңпоэтикасы. –Алматы: «Ғылым», 1975. –312 б. (M.Atymov ―Poetry of Kazakh Novels‖)
- Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. Исследования разных лет. –М., 1975. –502 с.(M.M.Bakhtin ―Issues of Literature and Aesthetics. Studies of Various Years‖)
- Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика /Учебное пособие. –М.: «Аспект Пресс», 2001. –334 с. (B.V.Tomasheskiy―Theory of the Literature. Poetics /Study Guide‖)
- Әдебиеттану. Терминдер сӛздігі /Құраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. –Алматы: «Ана тілі», 1998. –384 б.(Z.Akhmetov, T.Shanbayev ―Literature Science. Glossary‖)