ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК БЕЛГІЛЕУ: «ҚАРСЫ» ЖӘНЕ «ҚОЛДАУШЫ» КӨЗҚАРАС

Жарияланды 2024-07-05
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 66 № 4 (2021)
№4 (2021)
Авторлар:
  • Е.И. ИСИБАЕВА
PDF

Мақалада заңды тұлғаларға құқықтық жауапкершілік белгілеудің қарсы және қолдаушылық көзқарастары туралы айтылған. Мемлекетіміздің қылмыстық заңнамасында заңды тұлғалардың қылмыстық
жауаптылық институтының болмауы, бұл проблема біздің елімізде жоқ, тек шетелдік заң шығарушыға ғана тән дегенді білдірмейді. Себебі, ҚР Қылмыстық кодексі жобасының бірінде біздің елде де заңды тұлғаға жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілген-тін. Алайда, біздің елімізде заңды тұлға жасайтын іс-әрекеттері үшін заңды жауаптылықта болу керек дегенде заң шығарушылар әлі күнге дейін бір пікірге келе алмауда. Заңдық жауапкершілік құқық жүйесінің ажырамас элементі болып табылатындығын, әлеуметтік және құқықтық реттеу жүйесіне органикалық түрде қосылғанын, адамдардың, ұжымдық құрылымдар мен мемлекеттердің заңды мінезқұлқын қамтамасыз етуге бағытталғанын және осы негізгі мақсатты орындау үшін ол мемлекеттік мәжбүрлеу құралдарымен жабдықталғанын негізге алған жөн. Жоғарыда айтылғандардан заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту біздің елімізде өте даулы және күрделі мәселе екенін аңғаруға болады. Бұл аталмыш институтты енгізуді барлық дамыған елдер мойындап, заңды тұлғаны қылмыстық құқық субъектісі ретінде тану дұрыс қана емес, оны қылмыстың субъектісі ретінде тану қажеттілігі де – бұл келе жатқан уақыттың суранысын, дамушы қоғамның муддесі үшін жасалуы керек жәйт екендігін мойындауымыз қажет.

  1. Ибраева А.К. Құқық жүйесі және заңнаманы жүйелеу. Оқу құралы. Алматы, ҚР ІІМ М.Есболатов ат. Алматы Академиясы, 2012. – 96 б.
  2. Зыков Д.А., Шеслер А.В. Некоторые аспекты установления уголовной ответственности юридических лиц // Вестник Владимирского юридического института. 2017. № 1 (42). С. 108-110.
  3. Иванов А.А., Эриашвили Н.Д. Юридические лица как субъекты уголовной ответственности: формирование концепции и современные проблемы // Вестник Московского университета МВД России. 2016, № 5. С. 106-109.
  4. Минязева Т.Ф., Серебренникова А.В. Уголовная ответственность юридических лиц в России и Германии: К постановке проблемы // Lex Russica. 2017. № 2. С. 147-154.
  5. Dressler J. Undersanding Criminal Law. Matthew Bender & Company, 2001.
  6. Стромов В.Ю., Дворецкий М.Ю. Уголовная ответственность юридических лиц в отечественном законодательстве в контексте эффективности предупреждения совершения экологических правонарушений и преступлений: проблемы 249 теории и практики применения // Вестник Тамбовского государственного университета. Гуманитарные науки. Право. – 2013. - № 8(124). – С. 402-406.
  7. Бытко Ю.И., Дядькин А.Л. Формула уголовной ответственности юридических лиц: история и современность. – Саратов: Саратовская государственная юридическая академия, 2012. – 400 с. 95.
заңды тұлға, қылмыстық жауаптылық, кінә, жеке тұлға, субъекті, азаматтық –құқықтық, жауапкершілік.