Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және адам құқықтары саласындағы басқа да халықаралық нормалар универсалды болып сипатталады. Онда басым әлде кішігірім құқықтар жоқ. Мемлекет кем дегенде халықаралық құқықта көзделген құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етуге міндетті, ал ішкі заңдар тек халықаралық нормалардан тек құқықтар мен бостандықтарды кеңейту тұрғысынан ерекшеленуі мүмкін. Әйелдердің адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттар деңгейінің дамуы мен өсуі
өркениеттің маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Әйелдер, жеке тұлғалардың құқықтары ұлттық және халықаралық құқықтың қалыптасуында зор. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс халықаралық құқықта әйел құқықтарын құқықтық қамтамасыз етудің мазмұнынын, құқықтық стандарттарын, сондай-ақ зерттелетін саладағы негізгі ережелердің бірі – «Әйелдерге қатысты кемітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» конвенцияның нормаларын іске асырудың практикалық жағында да қарастырылады. Халықаралық заңнамаға, атап айтқанда, «Әйелдерге қатысты кемітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» конвенцияға қатысушылармен - мемлекеттермен өздерінің ұлттық заңнамаларына, мүдделеріне сәйкес ескертулер еңгізу оның мағынасынан айтарлықтай айырады. Нәтижесінде гендерлік саясаттың ережелерінің жүзеге асыру механизмі ұлттық және халықаралық аренадағы міндеттемелерді орындау тәжірибесіне сәйкес келмеуі.
ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҚСАРТУ
құқықтар, әйел, қорғау, гендерлік теңдік, заң, халықаралық ынтымақтастық.
ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҚСАРТУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 65(3). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/184