Қазіргі таңда қоршаған орта нысандарының,соның ішінде ағын су құрамының ауыр металл
иондарымен ластануы күрделі, әрі өзекті мәселелердің қатарында екені белгілі. Су сапасына тікелей әсер ететін
және ғылыми тұрғыдан да зерттеу жұмысына арқау болып отырған мәселе - су құрамының металл
қосылыстарымен, оның ішінде хром иондарымен ластануы. Хром металы ағзада жинақталып,ішкі зат алмасу
процесіне тікелей әсер етуіне байланысты адам ағзасы үшін қауіпті деп саналады. Хром ионы бір ортадан екінші ортаға ауысқанда оңай түрде өз қалпын ауыстырып, соның нәтижесінде түрлі биохимиялық
үдерістерден оңай өтіп, ағзадағы өзге де химиялық және физикалық реакцияларға әсерін жылдам береді.
Ағзада ауыр металдар иондарының әсері нәтижесінен туындайтын токсикалық процестер жедел және созылмалы улануға, аллобиотикалық үрдістердің орын алуына, сонымен қатар, мутагенез,канцерогенез сияқты
арнайы улану үрдістері түрінде көрініс береді. Мақалада алты валентті хром ионымен Cr(VI) ластанған ағынды
су құрамын тазартудағы барынша қарапайым, жылдам және шығын деңгейі тӛмен микробиологиялық әдісті
қолданудың тиімділігі қарастырылады.
ХРОМ ИОНЫМЕН ЛАСТАНҒАН АҒЫНДЫ СУ ҚҰРАМЫН ТАЗАРТУДА МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ
хром, ағынды суларды тазарту, хромды қалпына келтіруші микроорганизмдер, Aeromonas dechromatica, факультативті – анаэробты микрорганизм, Pseudomonas aeruginosa, Pseudomonas fluorescens SC106, Pseudomonas fluorescens LB300
ХРОМ ИОНЫМЕН ЛАСТАНҒАН АҒЫНДЫ СУ ҚҰРАМЫН ТАЗАРТУДА МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 59(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/18