САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Жарияланды 2024-07-05
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 64 № 2 (2021)
№2 (2021)
Авторлар:
  • Р.С. ЯКУДИНА
  • М.К. ШАКИБАЕВ
PDF

Мақалада Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы баяндалған.
Сақтандыру секторының макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері, сақтандыру сыйлықақыларының түсіміне
зерттеу жүргізілген. Сондай – ақ, міндетті, ерікті жеке және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру
сыйлықақыларының үлес салмағына, сақтандыру төлемдерінің құрылымына талдау жасалған. Жүргізілген
талдаулардың нәтижесінде келесідей қорытынды жасалды: ТМД елдерінің арасында Қазақстанның сақтандыру
нарығы неғұрлым дамыған болып табылады; соңғы жылдары республикада нарықтың барлық көрсеткіштерінің
тұрақты өсу тенденциясы байқалады, алайда көлемі жөнінен бәрібір де банктік сектордан кенже қалуда.
Сақтандыру аймақтарында мәселелердің елеулі бөлігі сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі туралы заң
актілерінің жетілдірілілуінен туындайды. Атап айтқанда, азаматтық заңдардың жекелеген ережелері өмірді
сақтандыру, жинақтаушы түрлері мен аннуитенттер жүйесін дамытуды ескере отырып, өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді талап етеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның сақтандыру нарығында неғұрлым орын алған мәселелер айқындалды:
саланың инвестициялық әлеуетін бағаламау; резервтерді орналастырудағы жоғары шектеулер; жоғары білікті
мамандардың жетіспеушілігі; халықтың сақтандыру мәдениетінің төмен деңгейі; сақтандыру
бағдарламаларының, халыққа қажетті өнімдердің шағын ауқымы; сақтандыру бизнесін мемлекет тарапынан
қорғаудың жеткіліксіз деңгейі.

  1. Мартыненко П.Г. Развитие рынка страховых услуг в России. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук по специальности - 08.00.10 «Финансы, денежное обращение и кредит». – Краснодар, 2006. Электрондық ресурс - Кіру режимі: https://www.dissercat.com/content/razvitie-rynka-strakhovykh-uslug-vrossii
  2. 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының ағымдағы жағдайы» есебі. Электрондық ресурс - Кіру режимі: https://webcache.googleusercontent.com/search
  3. ?q=cache:J3b2HZjbnioJ:https://finreg.kz/cont
  4. Досалянов Д.Б. Сақтандыру нарығын реттеу: теориясы, әдістемесі, тәжірибесі. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация / Досалянов Д.Б. - Алматы: 2014. - 124 б. Электрондық ресурс - Кіру режимі:
  5. https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder14360/
  6. Маянлаева Г.И. Страховой рынок Республики Казахстан: теория, практика и императивы развития. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора экономических наук по специальности - 08.00.10 «Финансы, денежное обращение и кредит» / Маянлаева Г.И. – Алматы, «Әрекет-Print»”. 2008. – 49 с. Электрондық ресурс - Кіру
  7. режимі:http://geum.ru/next/art-393826.php
сақтандыру, қайта сақтандыру, түсім, брокер, сыйақы, актуарий, сақтандыру нарығы