ГАЖ КӨМЕГІМЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ NDVI КӨРСЕТКІШІН АНЫҚТАУ

Жарияланды 2024-07-05
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • А.М.СЕРГЕЕВА
  • А.Н.МЫРЗАБЕКОВА
PDF (Russian)

Орман жамылғысының мониторингін ақпараттық қамтамасыз етудің басты құралы ретінде
ғарыш аппараттарынан алынған түсірілімдердің деректерін жатқызуға болады. Жер үсті тексеріс жұмыстары
кезінде көп уақыт пен қаржылай шығындар кетеді, ал қашықтықтан зерделеу деректері арқылы құнды
мәліметтерді анықтауға болады және ол көп уақытты талап етпейді. Спутниктік деректер айтарлықтай
аудандарда шағын және орташа жылдамдықпен жүретін антропогендік және табиғи процестерді бақылауға, ал
ауқымды түсірілім кезінде жүретін кері процестерді (ормандарды кесу, орман өрттері, су нысандарының азаюы)
көрсетуге бағытталған. Өсімдік жамылғысын сандық бағалауды қолданатын есептерді шешуде ең көп
қолданылатын индекс-NDVI индексі.
Жұмыста NDVI (Normalized Difference Vegetation Index) вегетациялық индексінің динамикасын зерттеу
нәтижелері Ақтөбе облысының аумағында Landsat 8 спутниктік деректері бойынша жер үсті өсімдіктерін
сәйкестендіру және картографиялау үшін қолданылды. 2013 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде зерттелетін
аумақта өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің NDVI маусымдық динамикасы алынып, талданды. 2013 жылғы
тамыздағы және 2021 жылғы тамыздағы түсірілімнің индекс мәндерімен салыстырғанда суреттерді талдау
кезінде өсімдік объектілері үшін NDVI индексінің төмен мәндері анықталды. Бұл төмен мәндер соңғы
жылдардағы антропогендік әрекеттерге байланысты деп болжау жасалынды.

ГАЖ деректері, NDVI индексі, ғарыштық суреттер, орман мониторингі, Landsat 8, жерсеріктер