БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жарияланды 2024-07-05
ПЕДАГОГИКА Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • А.Б.НАРЕНОВА
PDF (Russian)

Мақалада білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар қарастырылған. Бүгінгі
«инновациялық білім» дегеніміз не? - бұл өзін-өзі дамытуға қабілетті және оның барлық қатысушыларының жан-
жақты дамуына жағдай жасайтын білім, бастысы инновациялық білім беру – дамып келе жатқан білім.
«Инновациялық білім беру технологиясы» дегеніміз не? Білім алушыларға берілетін заманауи мазмұн пәндік
білімді дамытуды емес, қазіргі іскерлік тәжірибеге сәйкес келетін құзыреттерді дамытуды көздейді. Бұл мазмұн
жақсы құрылымдалған және заманауи коммуникация құралдары арқылы берілетін мультимедиялық оқу
материалдары түрінде ұсынылуы керек. Қазіргі кезде білім беруде сан алуан педагогикалық инновациялар
қолданылуда. Осыған орай төмендегі инновациялық технологияларға талдау жасалды: Пәнді оқытудағы
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ). Білім беру үдерісінің мазмұнына АКТ-ны енгізу әр түрлі
пәндік салаларды информатикамен біріктіруді көздейді, бұл білім алушылардың санасын ақпараттандыруға және
олардың қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру процестерін (кәсіби аспектіде) түсінуіне әкеледі. Мектепті
ақпараттандыру үдерісінде қалыптасып келе жатқан тенденцияны білу өте маңызды: білім алушылардың
информатика туралы негізгі ақпаратты меңгеруінен бастап жалпы білім беретін пәндерді оқуда компьютерлік
бағдарламалық құралдарды пайдалану, информатика элементтері бар білім беру мазмұны мен құрылымын
толықтыру, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде бүкіл оқу -тәрбие үдерісін түбегейлі қайта құруды
жүзеге асыру. Бұл бағыт оқу бағдарламасына информатика мен АКТ-ны оқуға бағытталған жаңа пәндерді енгізу
арқылы жүзеге асырылады.

инновациялық, жаңашылдық, инновациялық іс-әрекет, инновациялар, ТРИЗ, ақпараттық, технологиялық мультимедиялық оқу