Мақалада инвестициялық нарықтың әрекет етуі мен дамуының теориялық негіздері
қарастырылған. Инвестициялық нарық инвестициялық ресурстарды сату мен сатып алу, реттеу жөніндегі
экономикалық қатынастар саласының бөлігі болып табылады. Инвестициялық нарықтың әрекет етуінің мақсаты
- қажетті ресурстарды барынша аз шығын жұмсай отырып, ұтымды өтелетін уақытта салу.
Инвестициялық нарықтың негізгі құраушылары ретінде инвестициялық сұраным мен инвестициялық
ұсынымды айта аламыз. Инвестициялық сұраным әлеуетті инвестициялық сұраныстан және нақты сұраныстан
тұрады. Әлеуетті инвестициялық сұраныс субъектінің іс-әрекетін қаржыландыруға жұмсала алады және оның
жиынтық табысын көрсетеді. Нақты сұраныс кәсіпорындардың инвестициялауға нақты мұқтаждығын білдіреді.
Инвестициялық сұраным өз кезегінде макро және микроэкономикалық факторлардың ықпалымен анықталады.
Ал инвестициялық ұсынымға ивестициялық тауар бағасы, табыстылық нормасы, шығындар, технология, салық
саясаты мен бәсекелестік деңгейі секілді факторлар ықпал етеді.
Инвестициялық нарықтың белсенділігі оның конъюнктурасымен айқындалады. Инвестициялық нарық
конъюнктурасына тән циклдық даму сатылары келтірілген. Ол конъюнктураның көтерілуі, әлсіреуі және
құлдырауы секілді сатылармен сипатталады. Сонымен қатар әрбір сатыға сәйкес келетін даму сипаттамалары
көрсетілген. Инвестициялық нарық құрылымы сан алуан. Осыған байланысты инвестицияларды жіктеу белгілері
қарастырылған.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
инвестициялық нарық, инвестициялық сұраныс, инвестициялық ұсыныс, инвестициялық нарық конъюнктурасы, инвестициялық нарық сегменттері, инвестициялық нарық құрылымы
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 67(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/157