Мақалада қазіргі уақытта әлемге әйгілі және кеңінен қолданылатын интернет желісінің пайда болуы, пайдаланушылар арасында танымал әлеуметтік желілер, әртүрлі смайл, эмотикон, эмодзи, акронимдер және қысқартулар сияқты виртуалды байланыстың негізгі әдістері туралы ақпарат берілген және қолдану тәжірибесінен алынған мысалдар берілген. Технологияның қуатты даму дәуірінде адамдар эмоцияны тез арада білдіру үшін және уақытты үнемдеу үшін ұзақ сөздерді жазудың орнына смайликтерді, эмотикондарды, эмодзилерді кеңінен қолданады. Мақалада сонымен қатар Интернеттегі байланыстың келесі түрлері туралы
ақпарат пен сипаттама берілген: телеконференциялар, чаттар, блогтар, форумдар және бүкіл дүниені жаулап алған Covid 19 коронавирустық пандемия кезінде кеңінен қолданылатын Zoom платформалары. Бұл платформа жоғары оқу орындарының студенттері үшін негізгі білім беру ортасы ретінде сәтті қолданылды, өйткені барлық мекемелер үздіксіз оқу форматында қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен болатын. Мақалада виртуалды байланыс үшін артықшылықтарын көрсете отырып, аталған интернет-ресурстарды кен және нәтижелі пайдалану
ерекшеліктері көрсетілген. Оқу үрдісінде табысты және нәтижелі жұмыс істеу үшін Zoom платформасының жұмысы мен түрлі мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпарат беріліп сипатталған.
- Ефремова А.А. Интернет – коммуникация как средство мобилизации общества // Международный студенческий научный вестник. – 2017. – № 1.
- Соссюр Фердинанд де. Курс общей лингвистики. Пер. с французского. М.: Едиториал УРСС, 2004. – 256 с. (Лингвистическое наследие XX века) – ISBN 5-354-00556-6 – с.38.
- Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытуда инновациялық әдістерді қолдану; ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, 2011, №3(133), 16 стр.
- Crystal D. Language and the Internet – Cambridge: Cambridge University Press, 2001. – 272 p.
- Muniandy, A. Electronic-discourse (E-discourse): Spoken, written or a new hybrid
- Кузнецова Е.В. Особенности интернет – коммуникации [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://sibac.info/ archive/guman/5(42).