Мақалада қоғамдағы рухани адамгершіліктегі сананың қалыптасуы және адам мен қоғам
арасындағы қарым-қатынастан пайда болған тарихи-мәдени құндылықтардың эстетикалық қабылдануын
практикалық тұрғыда дәлелдеуді шештік. Адам қоғамдағы өмір сапасын бағалап, рухани адамгершіліктегі
құндылықтарды молынан түсінуі қажет. Қоғам адамды үнемі өзгеріп отыратын өмір шарттарына саналық
дайындығының қалыптасуына үнемі демеушілік ету керек. Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуы мен
дамуын, болып жатырған фактілерді саяси сараптап-қорытындылай отырып ситуацияларға баға беру,
түсінбеушілік пен әділетсіз жағдайларға қарсы тұру, алған тәжірибелер мен қабілеттіліктерді қолдануды қажет
емес деп айта алмаймыз. Құқықтық мәдениет ұлттық, демографиялық, социалдық, кәсіптік мәдениеттердің
топтық жүйесін құрып және әрқайсысы адамдардың іс-әрекет ережелері мен құндылықтарын анықтап, өзіндік
мәдениетін сипаттауға алып келетін бірнеше міндеттерді көрсетеді.
Кез-келген мәдениеттің түрі оны түрлі салада талқылауда өте қиын мақсат болып табылады. Құқықтық
мәдениеттің астарында рухани, материалдық, саясаттық және танымдылық мәдениеттердің шеңберлері жатыр.
Адамның ең біріншілік талабын қанағаттандыратын мәдениет ол – материалдық мәдениет және оның
нәтижелері болып табылатындар – еңбек, тілдік қарым-қатынас, тұрмыс, баспана, шаруашылық екенін білеміз.
Екіншілік талабы – рухани мәдениет, яғни адамның бойында шығармашылық және практикалық жолмен
қалыптасады, құрамына заманауи мәдениеттер, дін, этнографиялық құндылықтар кіріп, оларды зерттеу тағы да
бір үлкен мақсат.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМДА МОДЕЛЬДЕНУІ
фактор, мораль, сот жүйесі, манера, стиль, сана, эстетика, заң күші, геополитика
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМДА МОДЕЛЬДЕНУІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 67(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/150