ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Жарияланды 2024-07-05
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • Б.Ж. БОЛАТОВА
  • Г.Т. КУНУРКУЛЬЖАЕВА
  • А.А. БАКУБАЕВА
PDF (Russian)

Мақалада стандартты емес жұмыспен қамтудың формасы ретіндегі өзін-өзі жұмыспен
қамтыған халықтың қызметін заңдастырудың, мемлекеттік реттеудің қажеттілігі негізделеді. Мақаланың
мақсаты – әлем елдеріндегі өзін-өзі жұмыспен қамту нарығының жағдайын, реттеу тәжірибелерін талдау,
жүргізілген талдау негізінде отандық еңбек нарығын реттеу тетіктерін жетілдіру. Зерттеу барысында өзін-өзі
жұмыспен қамту нарығының даму тенденциясы қарастырылып, әлемнің бірқатар елдері бойынша ағымдағы
жағдайы зерттеледі. Дамыған елдердің (Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Канада) және көрші Ресей
Федерациясының еңбек нарығының жағдайына салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу барысында шет
мемлекеттерде өзін-өзі жұмыспен қамту нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі нысаны ретінде салықтық реттеу
тетіктері қарастырылатындығы анықталды. оның ішінде кәсіби салық азаматтардың табыс деңгейіне
пропорционалды түрде өседі. Талдау негізінде өзін-өзі жұмыспен қамту нарығын мемлекеттік реттеудің
Қазақстан Республикасындағы мәселелері келтіріледі. 2019 жылдан бері арнайы салық – бірыңғай жиынтық
төлем енгізілгенімен, азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамту деп тану, олардың ерікті түрде бұл салықты төлеуіне
қатысты бірқатар проблемалар бар. Жасалған қорытынды мемлекетте қолға алынған салықтық механизмді одан
әрі жетілдіру қажеттілігін негіздеуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері еңбек нарығын дамыту бағдарламаларын
жасақтауда пайдаланылуы мүмкін.

жұмыссыздық, өзін-өзі жұмыспен қамту, жұмыс күші, кәсіби табыс, еңбек нарығы, салық, мемлекеттік реттеу