КАРБО ЖӘНЕ МЕТАЛЛОТЕРМИЯ КЕЗІНДЕ МАРГАНЕЦТІҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНУ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланды 2024-07-04
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 64 № 2 (2021)
№2 (2021)
Авторлар:
  • А.А. НУРЖАНОВ
  • Д.А. ЕСЕНГАЛИЕВ
PDF

Металлургиялық үрдістер жоғары температура мен қысымда жүретіндіктен, термодинамикалық үрдістердің аспектілерінің орны ерекше. Атап айтқанда ферроқорытпа өндірісіндегі марганец қорытпаларының сұрыптарын балқыту кезінде, марганецтің қож және газ фазасымен жоғалымдарының жоғары болуы, тотықсыздану үрдісіне тікелей байланысты. Бұл мақалада ферромарганецтің әр түрлі сұрыптарын балқыту кезінде болатын маргенец тотығының көміртегі, кремний және алюминимен тотықсыздану үрдістерінің термодинамикалық салыстырмалы есептеулері келтірілген. Есептер нәтижелері көрсеткендей, марганецтің карботермиялық әдісімен тотықсыздануы жоғары температурада жүрсе, ал металлотермиялық әдіспен сәйкесінше төмен температурада тотықсызданатыны дәлелденді, яғни алюмосиликаттар түзіледі. Сонымен қатар, кремний мен алюминийдің қатысуымен тотықсыздану реакциялары зерттелген 298,15-2773 К температура аралықтарында тікелей бағытта жүретіні анықталды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес марганецті кремний мен алюминийдің тотықсыздану реакциялары үшін есептеу жолымен Гиббс энергиясының өзгеру мәні 298,15-2773 К температуралық интервалда белгіленген. Тәжірибе көрсеткендей, металлотермиялық әдісі (кремний және алюминий) тотықсыздандыру үрдісіне оңтайлы әсер етеді, яғни балқытудың технико-экономикалық көрсеткішін жоғарлатады (негізгі элементтердің түсімі жоғарлайды, электр энергия шығыны төмендейді). Құрамында кремний және алюминий бар тотықсыздандырғыштар ретінде марганецті тотықсыздандыру үшін, алюмосилмкомарганец қорытпасын қолдануға болады.

  1. Глушко В.П. Термодинамические свойства индивидуальных веществ / В.П. Глушко,И.В. Вейц, В.А.Медведев. – М.: Наука, 1979. – 623 с.
  2. Рузинов Л.П. Равновесные превращения металлургических реакций / Л.П. Рузинов,Б.С. Гуляницкий. – М.: Металлургия, 1975. – 416 с.
  3. Наумов Г.Б., Справочник термодинамических величин (для геологов) / Г.Б. Наумов,Б.Н. Рыженко, И.Л. Ходаковский. – М.: Атомиздат, 1971. – 240 с.
  4. Касенов Б.К. Термодинамические методы в химии и металлургии / Б.К. Касенов,М.К. Алдабергенов, А.С. Пашинкин. – Алматы: Рауан, Демеу, 1994. – 256 с.
рафинирленген ферромарганец, карботермиялық үрдіс, металлотермиялық үрдіс, Гиббс энергиясы , алюмосиликаттар , кешенді қорытпалар.