ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Жарияланды 2024-07-04
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • А.С. НУРГАЗИНА
  • Н.С. ҚАЛИЛА
PDF (Russian)

Туристік рекреация саяхатшылардың ішкі жан дүниесінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
өмірге деген құлшынысын арттырып, ұзақ уақыттық демалыс ұйымдастыратын нысандар. Оның қатарына
сауықтыру, танымдық, табиғи, мәдени-тарихи, спорттық, мәдени көңіл-көтеру нысандары кіреді. Әр адамның
жеке қызығушылығына байланысты рекреация ресурстарын туристік іс-әрекет мақсатында ұйымдастыру
саланың жаңашылдығының белгісі. Туристік саладағы рекреациялық ресурстар аймақ, аудан, елді-мекендердің
қалыптасу тарихына, орналасуы орнына, құрылым ерекшеліктеріне байланысты сан түрлі болып келеді. Белгілі
бір аймақтың туристік ерекшелігінің қалыптасуы сол жердің рекреациялық ресурсы мен мүмкіншілігіне тікелей
байланысты. Туристік рекреациялық орындардың аймақтарда кеңінен таралуы, туризм саласының
жаңашылдықпен дамуындағы негізгі көзі болып табылады. Рекреацияның негізі бұл қалыпқа келтіру. Емдік
мақсатта ғана емес, рухани бағыттада қарастырылады. Рекреация түсінігі рекреациялық орын, рекреациялық іс-
әрекет, рекреациялық мүмкіншілік және тағы да басқа элементтермен құрылады. Әр аймақтың өзіндік
рекреациялық ерекшелігі бар. Мүмкіншіліктің болуы аймақтың туристік деңгейінің белгілі бір нәтижеге қол
жеткізуіне көп септігін тигізеді. Тек оны ұтымды, орынды ұйымдастыра білу шарт. Нәтижесінде көпшіліктің
сұранысына ие, барлығына дерлік қолжетімді, жоғары деңгейлі, қайталанбас жаңа дүниелер жарық көріп,
туристік рекреация түсінігінің ауқымы кеңейе түседі. Әлемдік деңгейде қарқынды даму үстіндегі туризм
саласының рекреациясы ешқашан тыс қалмайтын фактор. Себебі, туризмнің әр бөлігімен байланысып, өзіндік
ауқымды орнын қалыптастырған сала болып табылады.

Туристік рекреация, экскурсия, курорт, мұражай, кесене, ішкі туризм, туристер, этно- саябақ