ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДАН БИОГАЗ ӨНДІРУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТСІСІ

Жарияланды 2024-07-04
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 64 № 2 (2021)
№2 (2021)
Авторлар:
  • Н.Ж. ҚУАНЫШЕВ
PDF

Мақалада тұрмыстық қалдықтар орналастырылатын полигондарда түзілетін биогаздың қоршаған орта объектілеріне антропогендік әсері, түзілетін биогаздың құрамындағы улы компоненттердің адам
организіміне тигізетін кері әсері сондай-ақ метан бактериялары мен биогаздың қасиеттері, биогаздың түзілуіне ықпал ететін факторлар және метаногенез процесттері талданған. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтар құрамына талдау жүргізіліп сипаттама берілді.Қазақстандағы полигондар сипаты және қазірге кездегі жағдайына тоқтау жүргізіліп мәліметтер берілді. Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салудың
жобасы жайлы анықтамалар берілді. Қазіргі кездегі еліміздегі полигондар жағдайы, қоқыстар және қалдықтар бойынша статистикалық сараптамалардың нәтижелері мақалада көрсетілді. Биогаз ең алдымен табиғи таза өнім болғандықтан қоршаған ортаға деген тиізетін зияны аз болғандықтан осы себептерді ескере отырып оны ғылыми жолмен жеткізу және түсіндіру. Биогаз туралы жалпы мәліметтер және биогазды алу құрылымы сонымен қатар қатты қалдықтарды жағуға арналған қондырғылар, фирманы автономды электрмен жабдықталуы үшін биогазды пайдалануын жобалауы қарастырған. Қазіргі кездегі елімізде тұрмыстан бөлінетін және ауылшаруашылығынан бөлінетін қалдықтар жайы, оларды сұрыптау, талдау және құрамына қарай бөлу мәселелері қарастырылмаған. Мақалада осы мәселелер жолын шешу және анықтау қарастырылған. 

биогаз, биомасса, анаэробты, экология, метан, биотехнология.