Мақалада зерттеу жұмысының мақсатына сай, Қазақстан аумағындағы гербарий жинағының
көлемі мен қазіргі жағдайы сипатталды және өзге елдермен салыстыру жүргізілді.
Қазақстанның ұлттық гербарийі Ботаника және фитоинтродукция институтында сақталған.
Қазақстанның төрт гербарий қоры бар. Қазақстанның ұлттық гербарийінде саңырауқұлақтар мен қыналардың 150 мың, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктердің 250 мыңға жуық үлгілері жинақталған. Оларға аймақтық көлемдегі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін, Қостанай мемлекеттік университетін, Алтай мен Қарағанды ботаникалық бағын жатқызуға болады. Гербарийдің әлемдік қоры «Index Herbariorum» дерекқорында сақталған. Фондта 182 елде орналасқан 3426 гербарий қоры бар. Ондағы гербарий үлгілерінің жалпы саны 396204891 дананы құрайды. 2016 жылдан бері жыл сайын әлемнің және әр елдің жекелей гербарий қорының есебі басылып отырады. Әлемдік гербарийлік үлгі 396204891 дананы құраса, Қазақстандық гербарийлік үлгі әлемдік үлестің 0,18 % құрайды. Әлем бойынша 9 орынды алатын Қазақстан үшін бұл үлес өте төменгі дәрежені көрсетеді. Себебі, түрлі жер бедеріне ие еліміз үшін (жазық-далалы, таулы) фитоалуантүрліліктің жоғары көрсеткішін көрсету маңызды. Сондықтан елімізде ЖОО мен ботаникалық бақтарында азды-көпті гербарий үлгілеріне санақ жасап, акроним алу үшін есеп жүргізсе, гербарий үлгілерін бақылап отыру әлдеқайда оңтайлы болар еді. Гербарий қалыптастыру арқасында өсімдіктердің морфологиясын, олардың географиясын мен экологиясын, сонымен қатар жеке түрөзгерістерін бақылап, аймақтық флораның құжаттандыруын жүргізу арқылы жаңа цифрлық дәуірге өту үшін бір қадам алға басушы едік
- Арыстангалиев С.А. Қазақстан өсімдіктері / С.А. Арыстангалиев, Е.Р. Рамазанов. –
- Алматы: Қазақ ССР-нің Ғылым баспасы, 1977. – 125 б.
- Перегожин Ю.В. Новые виды флоры Костанайской области / Ю.В. Перегожин. //
- Поиск. – 2006. – №1. – Б. 49-54.
- Index herbariorum [Электрондық ресурс] – Кіру режимі: // https://www.nybg.org.