БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ АУМАҚТЫ КӨГАЛДАНДЫРУ НЕГІЗІНДЕ ӘРТҮРЛІ БАҚША РАУШАНДАРЫН ҚАЛЕМШЕЛЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Жарияланды 2024-07-04
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 64 № 2 (2021)
№2 (2021)
Авторлар:
  • Г.М. АТАЕВА
  • С.С. МАРАТ
PDF (Russian)

Қазіргі таңда раушан гүлдердің көптеген сорттары белгілі. Аздаған тобы бақтық топтарға жатады. Өсімдіктерді өсімді жолмен көбейтудің табиғатта биологиялық маңызы зор. Оларды қалемше арқылы
көбейтуде фитогормондарды, яғни, өсімдіктерде өсу процестерін реттеуге қатысатын қосылыстардын рөлі
ерекше. Мақалада көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыруда қалемшелеу әдісін қолдану ерекшеліктері
көрсетілген. Бұл зерттеу жұмысында аумақты жасылдандыру үшін бақша раушандарын қалемшелеудің тиімділігін арттыру мақсатында биостимуляторлардың мүмкіндіктері мен жасыл қалемшелеу әдісі негізінде бақша раушандарының бірнеше сорттары қолданылып, әртүрлі субстраттарда және диатомитті қолдану арқылы
олардың тамырлану ерекшеліктері қарастырылған. Әртүрлі биостимуляторлардың әсерінен өсіп шыққан бақша раушандары қалемшелерінің морфологиялық көрсеткіштері анықталды. Өсімдіктерде жаңа вегетативтік көрсеткіштердің қалыптасу процесінің қарқындылығы оларға тәуелді. Себебі фитогормондар өсімдіктердің өмірін басқарады. Бақша раушандарының өсіп, даму процестерін бақылауда құрамы минералдарға бай бақша
диатомитінде бақыланды. Диатомиттің ерекше құрамы мен физикалық қасиеттерінің арқасында эксперименттік мәліметтер жинақталды. Өсімдіктерді қалемшелері арқылы көбейту полярлық заңдылыққа бағынады. Бұл зерттеу жұмысында бақша раушандарын вегетативті көбейту мақсатында сабақтан кесілген қалемше қолданылды. Эксперименттік жұмыстың нәтижесінде сандық және статистикалық мәліметтер келтірілген.

  1. Паутов А.А. Размножение растений / А.А. Паутов. – Санкт-Петербург: СанктПетербургский гос. ун-т, 2013. – 161 с.
  2. Әметов Ә.Ә. Ботаника / Ә.Ә. Әметов. – Алматы: Дәуір, 2005. – 512 б.
  3. Клименко З.К. Розы /З.К. Клименко. – Москва: Фитон+, 2001. – 175 с.
  4. Клименко З.К. Секреты выращивания роз / З.К. Клименко. – Москва: Фитон+, 2007.
  5. – 78 с.
  6. Воронцов В.В. Все о розах / В.В. Воронцов, В.И. Коробов. – Москва: Фитон+, 2012.
  7. – 223 с.
  8. Номеров Б.А. Садовые розы (классификация и агротехника) / Б.А. Номеров. –
  9. Москва: МГУ, 1973. – 145 c.
  10. Зорина Е.В. Розы из черенков: промышленное цветоводство / Е.В. Зорина //
  11. Цветоводство. – 2007. – № 3. – C. 14-15.
бақша раушандары, қалемшелері арқылы көбею, тамыр жаю, жапырақтардың саны, егу, субстрат, сұлулық, көгалдандыру .