Мақалада көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиев шығармашылығы, соның ішінде ақын мұрасындағы философиялық көзқарастары жан-жақты талданған. Ақынның әр өлеңінің мән-мәтінінен көрініс беретін автордың ішкі толғанысы, шығармашылық шабыты мен оны оқырманға жеткізудегі бейнелі сөздері
Өтежан Нұрғалиевті басқа ақындардан ерекшелеп тұрады. Пәлсапа ұғымы тек қана қоршаған ортаның, білім мен ғылымның, қоғам мен мәдениеттің ғана емес, сонымен қатар адамның да өзін де түсінуге ұмтылатын күрделі де мағыналы ұғым. Өзінің қамтитын мәселесі жағынан да ол біршама ғылымдармен тығыз байланыс орнатады. Философияның әдебиетпен тығыз байланысы қазіргі заманғы қарастыратын мәселелерімен, ой-пікірлерімен тарихи үрдіске әсер етеді. Бұл ретте ақынның адамның ішкі рухани болмысы мен адамгершілік жөніндегі терең ойлары және өмір құбылыстары туралы білдірген пікірлері оның шығармашылығындағы автордың өз бейнесін
танытатын көркемдік шеберлігі ретінде талданады. Ақынның «Афина мектебі» жинағында қоғамда бір рет жалт етіп, жоқ болатын жағдайлар мен өзгерістер жоқ.Автор бұл еңбегін жазуда басты мақсат етіп Адам Ата мен Һауа Анадан басталған бүкіл адамзаттың жағдайын жырлауды алған, сондықтан ертедегі бағзы замана сазы, өлім мен
өмір, тағдыр мен тіршілік, жақсылық пен жамандық сынды мәселелер көтерілген.
- Тұрғынбаев Ә.Х. Философия: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2005.
- Нысанбаев Ә. Екі мың жылдық дала жыры Ахурамаздадан Маралтайға дейін // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 29 маусым.
- Әшімбаев С. Балладалар шерткен сыр // Кітапта: Өтежан. Мақалалар, естеліктер, арнаулар, сұхбаттар жинағы /Құраст. Е.Ашықбаев, Б.Бабажанұлы, Т.Тілеулесов, М.Балтымова. – Ақтөбе, 2018. – 297 б., суретті.
- Нұрғалиев Ө. Афина мектебі: Өлеңдер. – Алматы: «Жазушы», 1996 – 360 б.
- Нұрғалиев Ө. Соны сұхбаттар: 3-том. – Алматы: «Жазушы», 2015. – 288 б.6. Алаш айнасы. Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет. – 2012. – 14 қыркүйек. – №162 (844). – 5 б.
- Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы: оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті»,2015. – 186 б.