АМАНТАЙ ӨТЕГЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-04
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • М.Р. БАЛТЫМОВА
  • М.С. ВАЛИХАН
PDF

Мақалада қазақ ақындық өнерінде өз орны айқындалған көрнекті ақын Амантай Өтегенов
поэзиясының көркемдік ерекшеліктері талданған. Әр ақын өз туындылары арқылы әдебиетте тәлім-тәрбиелік және эстетикалық мән дарытуға, қоғам бейнесін танытуға үлесін қосады. Әдебиетімізде өзіндік орнымен ерекшеленетін ақын өлеңдерінде көбіне ақын бейнесі, қоғамдық мәселелер, өмір шындығы көрсетіледі. Ақын өлеңдерінің ᴎдеялық-ᴛақырыптық ɵзгешелігі, жазу стилі қаламгердің өзіндік даралығын айқындайды. Туындыларына ұлттық құндылықтарды, елі мен жерін, тарихын арқау еткен ақынның көркемдік қолтаңбасы танылады. Қаламгер поэзиясында жиі ұшырасатын туған жер тақырыбы нақты мысалдармен зерделеніп, философиялық ойлары мақалада сараланған. Ақын қазақ қоғамындағы өзекті мәселелерді қозғай отыра, адами қатынастар жайлы тереңдей толғанады. Оның өлеңдеріндегі ǝлеуметтік, ᴍоральдық ᴍәселелер – бүгінгі қазақ
қоғамындағы ең ɵзекті ᴛақырыптар. Ақын өз туындыларында адам өмірін, замандастарының мінезін, іс-әрекетін, кескін-келбетін бейнелеп, заманның бейнесін ашып көрсеткен. Ақынның өлеңдерін психологиялық тұрғыдан қарастыру, ішкі жан дүниесін, өмір шындығын берудегі көркемдік тәсілдерін талдау мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Өлеңдері орыс тілінде жазылғанымен, ақын туындыларының басты тақырыбы – ұлттық
құндылықтарды сақтау, туған жерінің табиғатын суреттеу, ел мен жер жағдайын саралау. Бұл ретте ақын қолтаңбасының шеберлігі, көркемдік ерекшелігі, әсерлі сипаттаулары талданады.

  1. Жақыпбаев Ж. Кенежирен: Өлеңдер/ Құраст. Б.С.Қошым-Ноғай. – Алматы: «Раритет», 2005. – 288 б.
  2. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: «Фолиант», 2002. – 408 б.
  3. Утегенов А. Мост через остров. Сборник стихов, сонетов, газелей. – Актобе, 1999. – 226 с.
  4. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалары. Т. 2. – Алматы, 1983. – 456 б.
  5. Утегенов А. Дом из запятых. Сборник стихов, сонетов, газелей. –Актобе.2007– 413 с.
  6. Нілібаев Ә. Поэзия және философия // Жас қазақ. – 2010. – 6 тамыз
поэзия, өмір шындығы, қоғам, ұлттық құндылық, әдебиет, дүниетаным, көркемдік шеберлік