Берілген мақала комплекс айнымалы сызықты функция кӛмегімен жүзеге асырылатын
конформды бейнелеудің оқыту әдістемесіне арналған. Комплекс айнымалы функция ұғымының қысқаша
тарихы мен оның әр түрлі математикалық пәндерінде қолданыстары келтірілген. Жазықтықтың қарапайым
түрлендіруімен тығыз байланыста болатын конформды сызықты функцияның анықтамасы, оның дербес
жағдайлары қарастырылған. Есептер арқылы комплекс айнымалы бүтін сызықты функция түрлендірулерінің
геометриялық мағынасы кӛрсетілген. «Комплекс айнымалы бүтін сызықты функция» тақырыбына практикалық
сабақтың ӛткізу әдісіне кӛңіл бӛлінген, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар құрылды.
комплекс айнымалы сызықты функция, конформды бейнелеу, Блум таксономиясы
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
КОМПЛЕКС АЙНЫМАЛЫ СЫЗЫҚТЫ ФУНКЦИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 59(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/12