ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

Жарияланды 2024-07-04
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 63 № 1 (2021)
№1 (2021)
Авторлар:
  • Э. ЗУПЕРКИЕНЕ
  • Б.Ж. БОЛАТОВА
  • А.А. БАКУБАЕВА
PDF (English)

Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек нарығын, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен
қамтудың ағымдағы жағдайына талдау жасалып, оны одан әрі дамытудың факторлары келтіріледі. Өзін-өзі
жұмыспен қамту нарығы мен ұлттық экономиканың арасындағы байланыс зерделенеді. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми мәліметтері негізінде мемлекеттің экономикалық даму
көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Өзін-өзі жұмыспен қамту нарығын дамытудың қажеттілігі
негізделіп, оған түрткі болатын факторлар, яғни даму катализаторларына түсінік беріліп, жеке сипаттама беріледі. Үкімет тарапынан қолға алынған халықты жаппай жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы
қарастырылады. Стандартты емес жұмыспен қамту формасы ретінде өзін-өзі жұмыспен қамтылудың жеке
тұлғаларға қатысты және мемлекет тарапынан қарастырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері, тәуекелдері мен одан әрі даму мүмкіндіктеріне талдау жасалады. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек нарығына әлемдік дағдарысқа себеп болған пандемия жағдайының тигізген әсері қарастырылады. Үкімет
тарапынан енгізілген санитариялық-эпидемиологиялық шектеу шараларының әсерінен көптеген
кәсіпорындардың, бизнес субъектілерінің өз жұмыстарын тоқтатып, жұмыс орындарының қысқаруы байқалғандығы қарастырылған. Жүргізілген талдаудың негізіндегі қорытынды Қазақстандағы өзін-өзі
жұмыспен қамту нарығын одан әрі дамыту қажеттілігін негіздеуге бағытталады.

жұмыссыздық, өзін-өзі жұмыспен қамту, жұмыс күші, кәсіпкерлік қабілет, экономикалық даму, еңбек нарығы.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 63(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/118

Жүктеу сілтемесі