Қ.Қ. ЖҰБАНОВТЫҢ ЖИНАҚҚА ЕНБЕГЕН МАҚАЛАЛАРЫ

Жарияланды 2024-07-04
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 63 № 1 (2021)
№1 (2021)
Авторлар:
  • Н.А. САДУАҚАС
PDF

Бұл мақалада еліміздің алғашқы газет-журналдары туралы айтылып, осы басылымдарда жарияланған профессор Қ.Жұбановтың мақалаларына талдау жасалған. Осы жарияланған еңбектердің мазмұны, ондағы көтерілген өзекті мәселелер, ғалымның өзіндік ойлары мен өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстары, халықтың тұрмысының суреттелуі, әртүрлі қызмет салаларындағы адамдардың жұмысындағы қиындықтар туралы деректер келтірілген. Мақалада қозғалған тақырыптар елдің өткен тарихымен байланысты
болғандықтан, ғалымның шығармашылық еңбегін де танытатындықтан және қазақ публицистикасы саласындағы еңбектер қатарын толықтыра түсетіндіктен бұл басылымдарды жинақтаудың да маңыздылығы айтылған. Еліміздің алғашқы газеттері араб әріптерімен жарияланғандықтан аталған мақалалардың мәтінін қазіргі әліпбиге көшіріп, қайта жариялау бүгінгі жұбановтанудың маңызды істерінің бірі болуы тиіс деп көрсетілген. Сонымен бірге, мақалада Қ.Жұбановтың газет беттерінде жарияланған осы мақалаларының көпшілігі оның баспадан шығарылған қазіргі шығармаларының толық жинағына осы кезге дейін еніп болмағаны туралы айтылған. Сондықтан мақала соңына ғалымның еңбектері жарияланған басылымдар туралы деректер берілген. Ғалымның еңбектері осы кезге дейін толықтырылып, алты рет басылып шықты. Соған қарамастан бұрын табылған мақалаларының өзі де толық жинақталмай отырғанын, сондықтан архивте сақталған деректерді іздестіру және табылған мақалаларды зерттеу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу қажеттігі айтылған.

  1. Оралбай Ә. Құдайберген Жұбанов – публицист / Ә. Оралбай — Ақтөбе: Толғанай-Т, 2006. — 207 б.
  2. Жұбанов Қ. Шығармаларының толық жинағы / Қ. Жұбанов — Ақтөбе: Жұбанов университеті баспасы, 2019. — 584 б.
  3. Маралбек Е. Құдайберген Жұбановтың мұрағаттардан табылған белгісіз мақалалары / Е. Маралбек // Ұлы дала тұлғалары: Жұбановтар тағылымы және жазу реформасы. Халықаралық конференция (19.XII.2019). – А.: Қазақ кітабы баспасы. — 2019. — Б. 97- 100.
  4. Жұбанов Қ. Екі қой, бір тоқты киіт өтірік дейді / Қ. Жұбанов // Кедей газеті. — 1925, 11 сәуір.
  5. Жұбанов Қ. Халық ағарту ағысында төңкеріс толқыны / Қ. Жұбанов // Кедей газеті. — 1925, 2 қараша.
  6. Жұбанов Қ. Оқу жайындағы мұңды осы бастан айту керек / Қ. Жұбанов // Кедей газеті — 1926, 29 шілде.
  7. Жұбанов Қ. Малды қауіпсіздендіру- шаруаның ырысы / Қ. Жұбанов // Кедей газеті. — 1926. — № 94.
  8. Жұбанов Қ. Таңжарықтың қуанышы / Қ. Жұбанов // Кедей газеті. — 1927, 7 қараша.
  9. Жұбанов Қ. Емтихан / Қ. Жұбанов // Қазақ газеті. — 1916, 10 мамыр.
  10. Жұбанов Қ. Қазаққа дұшпандық / Қ. Жұбанов // Қазақ газеті. — 1917, 19 мамыр.
  11. Жұбанов Қ. Аянышты хал / Қ. Жұбанов // Алаш газеті. — 1917. — № 20.
  12. Жұбанов Қ. Әйел теңдігі туралы / Қ. Жұбанов // Еңбекшіл қазақ газеті. — 1924, 5 тамыз.
  13. Жұбанов Қ. Түс екен / Қ. Жұбанов // Еңбекшіл қазақ газеті. — 1924, 11 қыркүйек.
  14. Жұбанов Қ. Үлгі алыңдар / Қ. Жұбанов // Еңбекшіл қазақ газеті. — 1924. — № 254.
  15. Жұбанов Қ. Темір уезінің оқушылар тобы / Қ. Жұбанов // Еңбекшіл қазақ газеті. — 1925, 14 қаңтар.
  16. Жұбанов Қ. Қара қызметтің түрін айыру керек / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1925. — № 364.
  17. Жұбанов Қ. Коммуна мектептері жетіжылдық болсын / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1926. — № 10.
  18. Жұбанов Қ. Аулақтан оқыту / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1926, 19 қаңтар. — № 14 (451) . — Б. 4.
  19. Жұбанов Қ. Газет- көпке ортақ / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1926. — № 74(511). — Б. 2.
  20. Жұбанов Қ. Төтерек жол керек / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1926. — № 427. — Б. 3.
  21. Жұбанов Қ. Жаңа әліпті алу мәселесі туралы / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1928. — № 291.
  22. Жұбанов Қ.Қ. Түпсіз астау, «құдай» және Ақтөбенің ілім-мәдениет орындары / Қ.Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1928, 21 тамыз. — № 191(1218). — Б. 3.
  23. Жұбанов Қ. Бас әріп керек пе? / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1928, 2 желтоқсан.
  24. Жұбанов Қ. Емле жайындағы пікірлер / Қ. Жұбанов // Еңбекші қазақ газеті. — 1929. — № 69.
Мақала, газет, оқу-білім, мектеп, мәдениет, халық, еңбек.