Бұл мақалада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) студенттерінің «Сөйлеу мәдениеті» пәні бойынша практикалық сабақтар кезінде коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың өзекті мәселесі қарастырылады. Қазіргі көпмәдениетті университеттік білім беру ортасында шетелдік студенттердің сәтті бейімделуі және кәсіби дамуы олардың сөйлеу мәдениеті деңгейіне және академиялық және іскерлік коммуникация стандарттарын меңгеруіне тікелей байланысты. Осы мақаланың басты мақстаы – әлеуметтік-мәдени компоненттің рөлін айқындап, ТМД елдерінен келген студенттердің сөйлеу мәдениеті сабақтарында коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын ұсыну болып табылады. Мақалада шетел тілінің коммуникативтік құзыреттілігі құрылымындағы әлеуметтік-мәдени компоненттің маңыздылығы негізделеді, себебі тілдік кедергіні жеңу үшін тек грамматика мен сөздік ережелерін білу ғана емес, сонымен қатар ұлттық және мәдени контекстті, сөйлеу мәдениетінің нормаларын және қабылдаушы қоғамның сөйлеу мінез-құлық дәстүрлерін терең түсіну қажет.
Автор жоба әдісін ең тиімді, икемді және болашақтағы даму мүмкіндіктері жоғары педагогикалық құралдардың бірі ретінде ұсынады. Бұл әдіс сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстарды біркелкі біріктіруге, теориялық ережелерді пассивті түрде меңгеруден белсенді практикалық іс-әрекеттерге назар аударуға, мәдениетаралық қарым-қатынастың нақты өмірлік жағдайларын модельдеуге және кәсіби бағытталған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Аталған мақстақа қол жеткізу үшін өзге тілдік коммуникативтік құзыреттілік құрылымындағы әлеуметтік-мәдени компонентіінің орны мен маңызын анықтау, сондай-ақ студенттердің академиялық және іскерлік қарым-қатынас барысында кездесетін негізгі тілдік және әлеуметтік-мәдени қиындықтарды айқындау міндеттері қойылады.
Мақалада ұсынылған әдістемелік тәжірибе және әзірленген практикалық ұсыныстарды орыс тілі және сөйлеу мәдениеті мұғалімдері тілдік емес және гуманитарлық салаларда оқитын шетелдік студенттермен жұмыс істегенде, олардың тілдік дайындық сапасын жақсарту және әлеуметтік-мәдени интеграцияны жеделдету үшін пайдалана алады.
АРЗУМАНОВА Р.А.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Халықтар достығы университеті, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы
Е-mail: arzumanowa@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3093-8246
- Рождественский Ю.В. Слово в нашей жизни // Вопросы лекционной пропаганды: Сб. науч. тр. — М.: Знание, 1985. — Вып. 9. — С. 6–21
- Барблан А. Иерархия знания. // Alma Mater (Вестник высшей школы). — 1994. — № 3. — С. 30–31.
- Шуман Е.В. Технология формирования у школьников коммуникативной компетенции на немецком языке [Электронный ресурс] // INTER-CULTUR@L-NET: международный научно-практический электронный журнал. — 2007. — URL: http://inter-cultural.net/ (дата обращения: 15.08.2026).
- Кожина Л.П. Развитие творческой активности учащихся в процессе проектной деятельности на уроках технологии [Электронный ресурс]. Педсовет.org. — URL: http://pedsovet.org/component/option,com_mtree/task,viewlink/link_id,5337/Itemid,118 (дата обращения: 15.08.2026).
- Сысоев П.В. Культурное самоопределение личности в контексте диалога культур. — Тамбов: ТГУ, 2001. – 145 с.
- Полат Е.С., Бухаркина М. Ю., Моисеева М. В., Петров А. Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учебное пособие для студентов педагогических вузов и системы повышения квалификации педагогических кадров — Москва: Академия, 2000. — 272 с.
