ОДАҒАЙ ЖӘНЕ ОҚШАУ СӨЗДЕР

Жарияланды 2024-07-04
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 63 № 1 (2021)
№1 (2021)
Авторлар:
  • С.С. Мұхтаров
PDF

Мақалада қазақ тіл біліміндегі ең өзекті, түйіні көп проблемалардың бірі болып табылатын сөз таптастыру мәселесі сөз болады. Сөз таптастыру ілімінің тарихына қысқаша шолу жасалып, бүгінгі күнге дейін басы ашылмай келе жатқан жайт – морфологияның объектісі болып табылатын сөз табы – одағайды синтаксистің объектісі оқшау сөздер аясында қарап, одағай атауымен оқшау сөздердің бір ретінде танып-білудің қайшылық-қателігі сөз таптастыру ілімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан барынша негізделіп, дәлелденген. Қазақ тіл білімінде сөз таптарын зерттеген тілші ғалымдардың сөз таптастыру теориясы бойынша одағайды жеке сөз табы ретінде дәлелдеп шығарғанына қарамастан синтаксистік негізгі оқулықтарда да, жеке еңбектерде де одағай синтаксистік категория ретінде оқшау сөздердің бір түрі болып беріліп келеді және бұл тұжырым күні бүгінге дейін жaлғасуда. Бұл, ең алдымен, тіл білімінің морфология және синтаксис салаларының ара жігін ажырата алмауға, мәселені анықтау емес, қайта қиындатуға әкеледі және зерттеуде де, оқыту процесінде де екіұштылыққа соқтырып, нәтижені жоққа шығарады. Автор осы қайшылықты жан-жақты ашып көрсетіп, шешімін негіздеп берген. Мақаланың ең маңызы – осы жаңалығында.

  1. Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская / М.Терентьев. - СПб.: Тип.имп.АН, 1875. – C. 217-219.
  2. Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка / П.М. Мелиоранский. - СПб.:Тип.исп.АН., 1875.- 72 с.
  3. Катаринский В.В.Грамматика киргизского языка / В.В.Катаринский. – Оренбург: Тип.к.Бреслина, 1987.-196 с.
  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы / А.Байтұрсынов. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 57 с.
  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер / Қ.Жұбанов. – Алматы: Ғылым, 1999. -82 б.
  6. Жиембаев С. Грамматикалық категориялар туралы / С. Жиембаев // Халық мұғалімі. - 1936. - №5 (7). – Б. 36-41.
  7. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы / С.Аманжолов. – Алматы: Санат, 1994. -320 б.
  8. Сауранбаев Т. Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы / Т.Сауранбаев // Халық мұғалімі. - 1939. - №2(8). – Б. 67-77.
  9. Искаков А. Наречие в современном казахском языке / А.Искаков. - А-Ата: Дисс.на соис.канд.фил.наук., 1953. – 97 c.
  10. Сарыбаев Ш.Ш. Междометие в казахском языке / Ш.Ш.Сарыбаев. - А-Ата: Дисс. на соис.канд.фил.наук., 1953. – 86 c.
  11. Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер / Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғылым, 1960. – 158 б.
  12. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі / А.Ысқақов.-. Алматы: Мектеп, 1991. – 384 б.
  13. Төлеуов Ә. Сөз таптары / Ә.Төлеуов. – Алматы: Мектеп, 1982. – 106 б.
  14. Қазақ тілінің грамматикасы. 1 бөлім. - Алматы: Ғылым, 1967. – 95 б.
  15. Қазақ тілінің грамматикасы. 2 бөлім. - Алматы: Ғылым, 1967. – 72 б.
Одағай, оқшау сөздер, сөз таптары, морфология, синтаксис, семантика