АДАМИ ФАКТОРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАҒАЛАУ МОДЕЛІ

Жарияланды 2026-09-30
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • АЛЬМУХАНОВА А.К.
  • ЮБУЗОВА Х.И.
  • АЛИМСЕИТОВА Ж.К.
  • ЛАХНО В.А.
PDF

Мақалада білім беру мекемелерінің ақпараттық-білім беру жүйелерінің (АББЖ) ақпараттық қауіпсіздігінің (АҚ) тәуекелдерін бағалау міндеті қарастырылған. АҚ тәуекелдерін басқарудың қолданыстағы әдістері мен модельдері негізінен корпоративтік және маңызды ақпараттық жүйелердің объектісін қарастыратыны көрсетілген. Бұл модельдер білім беру ортасының ерекшелігін толық ескермейді. Ақпараттық активтер, қауіптер, осалдықтар және пайдаланушылардың мінез-құлық сипаттамалары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ресімдеуге мүмкіндік беретін Байес желілерінің аппаратына негізделген АҚ тәуекелдерін бағалаудың ықтималдық моделі ұсынылған. Модель статистикалық және сараптамалық деректердің интеграциясын қамтамасыз етеді және оқу орнының мамандарына жүйенің жай-күйі туралы ішінара апарат болған кезде қауіптерді іске асырудың артқы ықтималдығын есептеуге мүмкіндік береді. Адам факторы модельге пайдаланушылардың хабардарлық деңгейін, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін сипаттайтын байқалатын кездейсоқ айнымалы ретінде енгізілген. Қауіптерді іске асырудың артқы ықтималдығы негізінде күтілетін залал және тәуекелдің интегралды деңгейі анықталады. Ұсынылған тәсілдің өнімділігі білім беру мекемесінің мәліметтеріне есептеу эксперименті арқылы тексеріледі. Рұқсат етілмеген қолжетімділікті, зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді және фишингтік шабуылдарды қоса алғанда, үлгілік ақпараттық активтер және білім беру ортасына тән қауіптер қаралды. Ұсынылған модельдің өнімділігі оқу орнының деректеріндегі есептеу экспериментімен расталады. Эксперимент адам факторының күтілетін зиянға және АҚ интегралды тәуекеліне әсерін талдады. Нәтижелер ұсынылған модельдің мінез құлық параметрлерінің өзгеруіне сезімталдығын көрсетті және оның білім беру мекемелерінің ақпаратын қорғау саласындағы басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін практикалық қолданылуын растады.

АЛЬМУХАНОВА А.К.

Докторант, Сәтпаев университеті, Алматы қ., Қазақстан

Е-mail: almuhanova_aak@mail.ru, https://orcid.org/0009-0005-7858-9016

ЮБУЗОВА Х.И.

PhD, қауымдастырылған профессор, Сәтпаев университеті, Алматы қ., Қазақстан

E-mail: k.yubuzova@satbayev.university, https://orcid.org/0000-0001-8892-6745

АЛИМСЕИТОВА Ж.К.

PhD, қауымдастырылған профессор, Сәтпаев университеті, Алматы қ., Қазақстан

E-mail: zh.alimseitova@satbayev.university, https://orcid.org/0000-0002-1907-8997

ЛАХНО В.А.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Биоресурстар және табиғатты пайдалану ұлттық университеті, Киев қ., Украина.

Е-mail: lva964@gmail.com, https://orcid. org/0000-0001-9695-4543

  1. Merchan-Lima J., Astudillo-Salinas F., Tello-Oquendo L., Sanchez F., Lopez-Fonseca G., Quiroz, D. Information security management frameworks and strategies in higher education institutions: a systematic review. // Annals of Telecommunications. – 2021. – Vol. 76, no. 3–4. – P. 255–270. – DOI: 10.1007/s12243-020-00783-2. DOI: https://doi.org/10.1007/s12243-020-00783-2
  2. Hina S., Dominic P.D.D. Information security policies’ compliance: a perspective for higher education institutions. / Journal of Computer Information Systems. – 2020. – Vol. 60, no. 3. – P. 201–211. – DOI: 10.1080/08874417.2018.1432996. DOI: https://doi.org/10.1080/08874417.2018.1432996
  3. Esparza D.E.I., Diaz F.J., Echeverria T.K.S., Hidrobo S.R.A., Villavicencio D.A.L., Ordonez A.R. Information security issues in educational institutions. // 2020 15th Iberian Conference on Information Systems and Technologies (CISTI). – IEEE, 2020. – P. 1–7. – DOI: 10.23919/CISTI49556.2020.9141014. DOI: https://doi.org/10.23919/CISTI49556.2020.9141014
  4. Cheung S.K. Information security management for higher education institutions. // Intelligent Data Analysis and Its Applications: Proceedings of the First Euro-China Conference on Intelligent Data Analysis and Applications, Shenzhen, China, June 13–15, 2014. – Cham : Springer International Publishing, 2014. – Vol. 297. – P. 11–19. – DOI: 10.1007/978-3-319-07776-5_2. DOI: https://doi.org/10.1007/978-3-319-07776-5_2
  5. Joshi C., Singh U.K. Information security risks management framework – a step towards mitigating security risks in university network. // Journal of Information Security and Applications. – 2017. – Vol. 35. – P. 128–137. – DOI: 10.1016/j.jisa.2017.06.006. DOI: https://doi.org/10.1016/j.jisa.2017.06.006
  6. Lallie H.S., Thompson A., Titis E., Stephens P. Understanding cyber threats against the universities, colleges, and schools. arXiv:2307.07755. DOI: 10.48550/arXiv.2307.07755.
  7. Ulinnuha Y.K.P., Ayu I.K., Yasmin N.A. Risk assessment maturity level of academic information system using ISO 27001 System Security Engineering–Capability Maturity Model. / Journal of Applied Engineering and Technological Science. – 2024. – Vol. 5, no. 2. – P. 941–954. – DOI: 10.37385/jaets.v5i2.2971. DOI: https://doi.org/10.37385/jaets.v5i2.2971
  8. Абдыманапов С.А. Методика оценки рисков информационной безопасности на примере анализа Learning Management Systems. // Вестник Карагандинского университета. Серия «Педагогика». – 2022. – Т. 107, № 3. – С. 84–95. – DOI: 10.31489/2022ped3/84-95. DOI: https://doi.org/10.31489/2022Ped3/84-95
  9. Al-Mudaires F., Al-Samawi A., Aljughaiman A., Nissirat L. Information security risk management framework for a governmental educational institute. // Journal of Information and Knowledge Management. – 2023. – Vol. 13, no. 1. – P. 36–54. – DOI: 10.24191/jikm.v13i1.4714. DOI: https://doi.org/10.24191/jikm.v13i1.4714
  10. Мулик Д.И., Замотайлова Д.А. Информационная безопасность в учебных заведениях. // Информационное общество: современное состояние и перспективы развития : материалы международного форума. – Краснодар : КубГАУ, 2019. – С. 95–98.
  11. Воронин Е.А., Козлов С.В., Кубанков А.Н. Выявление угроз на основе ограниченного набора данных при оценке систем обеспечения безопасности и мероприятий по их реализации. // Наукоемкие технологии в космических исследованиях Земли. – 2022. – Т. 14, № 3. – С. 41–48. DOI: https://doi.org/10.36724/2409-5419-2022-14-3-41-48
  12. Атаманов А. Н. Динамическая итеративная оценка рисков информационной безопасности в автоматизированных системах : дис. ... канд. техн. наук : 05.13.19 / Москва, 2012. – 147 с.
  13. Голубинский А.Н., Алехин И.В. О математических моделях ущербов и рисков возникновения угроз в информационно-технических системах. // Охрана, безопасность, связь. – 2016. – № 1–3. – С. 109–115.
ақпараттық қауіпсіздік, тәуекелдерді бағалау, ақпараттық-білім беру жүйесі, Байес желілері, адами фактор, күтілетін зиян, білім беру мекемелері