ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ҰЙЫМДЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ РӨЛІ

Жарияланды 2026-06-30
ПЕДАГОГИКА Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • ДЖУСУПБЕКОВА М.С.
  • КУРКБАСОВА Г.С.
PDF (English)

Мақалада «мәдениет» ұғымының теориялық негіздері жан-жақты қарастырылып, оның қоғамдағы әлеуметтік қатынастарға, тұлғаның жеке  дамуына және  әлеуметтік  рөліне талдау жасалған. Авторлар ұйымдық мәдениеттің мазмұнына тоқталып, оның құрылымдық ерекшеліктері мен негізгі қызметтерін сипаттайды. Сонымен бірге студенттік топ әлеуметтік орта ретінде қарастырылып, ондағы ортақ құндылықтар, қызығушылықтар, мінез-құлық ережелері мен тұлғааралық қатынастардың маңыздылығы айқындалған. Білім беру кеңістігінде ұйымдық мәдениетті қалыптастырудың студенттердің өзара әрекеттесуіне әсері де назарға алынған.

Зерттеудің практикалық бөлімінде студенттік топтағы ұйымдық мәдениеттің деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде ұйымдық мәдениеттің студенттердің психологиялық ахуалына, қарым-қатынас  деңгейіне және оқу әрекетінің тиімділігіне ықпал ететіні анықталған. Сонымен қатар топ мүшелері арасындағы сенім, ынтымақтастық, көшбасшылық қасиеттер және ортақ мақсаттарға ұмтылыс ұйымдық мәдениеттің негізгі көрсеткіштері ретінде қарастырылған.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері студенттік ортадағы  ұйымдық мәдениеттің тұлғаның дамуына, оқу үдерісіне сәтті бейімделуіне және қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына елеулі ықпал ететінін көрсетті. Осыған байланысты студенттік топтағы ұйымдық мәдениетті жетілдіруге арналған тәжірибелік ұсыныстар әзірленіп, оларды оқу және тәрбие жұмыстарында пайдалану жолдары ұсынылған.

ДЖУСУПБЕКОВА М.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Қырғыз-Қазақ университеті, Бишкек қ., Қырғызстан

Е-mail: mahabat.jusupbekova21@gmail.com, https://orcid.org/0009-0006-0905-5771

КУРКБАСОВА Г.С.

Педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының оқытушысы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: samatovna94@bk.ru, https://orcid.org/0009-0003-4288-2283

  1. Andreev A. Magiya i kul'tura upravleniya. – SPb.: Tropa Troyanova, 2000. – 345s.
  2. Ionin L. G. Diffuznye formy social'nosti (k antropologii kul'tury). Sociologicheskij zhurnal, 2025. Volume 31. Issue 2. 129–156. https://doi.org/10.19181/socjour.2025.31.2.7. DOI: https://doi.org/10.19181/socjour.2025.31.2.7
  3. Mashkov V.N. Praktika psihologicheskogo obespecheniya rukovodstva, upravleniya i menedzhmente. – SPb.: Rech', 2005. – 445 s.
  4. SHejn E. Organizacionnaya kul'tura i liderstvo: Postroenie, evolyuciya, sovershenstvovanie. – SPb.: Piter, 2002.- 603 s.
  5. Bendermacher, G., Oude Egbrink M., Wolfhagen I., & Dolmans, D. Unravelling quality culture in higher education: A realist review. Higher Education, 2017. Volume 73. Issue 1. 39–60. https://doi.org/10.1007/s10734-015-9979-2 DOI: https://doi.org/10.1007/s10734-015-9979-2
  6. Zhu C., Engels N. Organizational culture and instructional innovations in higher education: Perceptions and reactions of teachers and students. Educational Management Administration & Leadership, 2014. Volume 42. Issue 1. 136–158. https://doi.org/10.1177/1741143213499253 DOI: https://doi.org/10.1177/1741143213499253
  7. Taye M., Guoyuan S., Muthanna A. Organizational culture and its influence on the performance of higher education institutions: The case of a state university in Beijing. International Journal of Research Studies in Education, 2019. Volume 8. Issue 2. 77–90. https://doi.org/10.5861/ijrse.2019.3026 DOI: https://doi.org/10.5861/ijrse.2019.3026
  8. Schein E.H. Organizational culture and leadership. 5th ed. Hoboken: Wiley, 2017. – 431 p.
мәдениет, ұйымдық мәдениет, оқыту тиімділігі, диагностика, студенттік топ, ықпал ету тиімділігі