Мақалада бағалы қағаздар нарығындағы халықтың қаржылық мінез-құлқы мен инвестициялық белсенділігі ұғымдарының мәні, олардың өзара байланысы және дамуының теориялық-әдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Инвестициялық белсенділік халықтың бос ақша қаражатын баламалы қаржылық құралдарға бағыттау деңгейін көрсетсе, қаржылық мінзе-құлық тұрғындардың тәуекелдер мен кірістерді басқарудағы психологиялық және экономикалық таңдауын айқындайды. Зерттеу барысында осы ұғымдарға қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастары сараланып, халықтың инвестициялық мәдениетін қалыптастырудағы қаржылық сауаттылықтың рөлі анықталды. Ғылыми зерттеудің негізгі құндылығы – бұл феноменнің теориялық аспектілерін қарастырып қана қоймай, оның нақты өңірлік деңгейдегі еркешеліктерін Ақтөбе қаласы тұрғындарының арасында жүргізілген пилоттық әлеуметтік сауалнаманың эмпирикалық деректері негізінде кешенді талдауымен айқындалады. Статистикалық және сипаттамалық талдау әдістерін қолдану арқылы аймақ халқының нақты инвестициялық бағыттары айқындалып, тұрғындардың бағалы қағаздар нарығына белсенді қатысуына кедергі келтіретін негізгі тежеуіш факторлар анықталды. Мақалада келтірілген талдаулар мен ғылыми тұжырымдар өңірлік деңгейдегі инвесторлардың мінез-құлқын түсінуге мүмкіндік береді және халықтың қаржылық сауатын арттыру бағдарламаларын әрі қарай жетілдіруге негіз бола алады. Мақала экономика, қаржы саласында жұмыс істейтін мамандарға, зерттеушілерге, білім алушыларға пайдалы ақпарат көзі бола алады.
АХМЕТОВА Г.И.
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: gakhmetova@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-9576-4323
МҰРАТОВА Ф.С.
Қаржы білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: muratova05052005@gmail.com, https://orcid.org/0009-0003-9242-3720
САПАРҒАЛИ Б.Б.
Қаржы білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: sapargalibatyrzhan5@gmail.com, https://orcid.org/0009-0008-3181-5751
- Литвинова В. В. финансовое поведение человека и определяющие его факторы // Журнал экономической теории. 2020. №1. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/finansovoe-povedenie-cheloveka-i-opredelyayuschie-ego-faktory
- Масленников В.В., Ларионов А.В., Гагарина М.А. Факторы формирования типов финансового поведения экономических субъектов. Финансы: теория и практика/Finance: Theory and Practice. 2022;26(2):88-103. https://doi.org/10.26794/2587-5671-2022-26-2-88-103
- Аликперова Н.В. Факторы влияния на финансовое поведение населения России: эффект 3Д // Народонаселение. 2023. №2. URL: https://cyberleninka.ru/article/n/faktory-vliyaniya-na-finansovoe-povedenie-naseleniya-rossii-effekt-3d
- Batsaikhan, Uuriintuya; Demertzis, Maria (2018): Financial literacy and inclusive growth in the European Union, Bruegel Policy Contribution, No. 2018/08, Bruegel, Brussels. https://www.econstor.eu/bitstream/10419/208015/1/1028806345.pdf
- Khuc T.A., Do H.L., Pham B.L. Factors Influencing Financial Literacy of the Poor in Rural Areas: Empirical Research with the Case of Vietnam // Journal of Eastern and Central Asian Research – 2022. https://doi.org/10.15549/jeecar.v9i4.735
- Dr. CA.Seema Tarak Shah, et al (2024) An Analytical Study on The Determinants of Financial Behavior and Decision-Making Processes Among Urban Consumers in Mumbai City, Educational Administration: Theory and Practice, 30(11), 1693-1699. https://doi.org/10.53555/kuey.v30i11.9905
- Andriasari W.S., Safitri P. Identify the Factors that Influence Working Adults Financial Management Behavior // Management Dynamics. 2025. https://doi.org/10.70062/managementdynamics.v2i1.47
- Баяхметова А.Т., Баяхметова Л.Т. Решение об инвестировании в ценные бумаги: составляющие факторы финансовой грамотности // Journal of Economic Research&Business Adminidtration. №1 (143). 2023. https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.08
- Мостовщикова Ирина Александровна, Соловьева Ирина Александровна Инвестиционная активность и инвестиционный профиль организации // Научный диалог. 2013. №7 (19). https://cyberleninka.ru/article/n/investitsionnaya-aktivnost-i-investitsionnyy-profil-organizatsii
