Мақалада Шыңғыс Айтматовтың әлемге танымал «Жәмилә» повесіндегі эмоциялық лексиканың функционалдық-семантикалық табиғаты лингвопоэтикалық, когнитивтік және семантикалық тұрғыдан кешенді түрде зерттеледі. Көркем мәтіндегі кейіпкерлердің ішкі психологиялық тебіреністерін, сезім иірімдері мен рухани ізденістерін жеткізудегі тілдік бірліктердің эстетикалық қызметі мен прагматикалық әсері жан-жақты сараланады. Зерттеу барысында автор шығармадағы «қуаныш», «мұң», «наразылық» және «махаббат» лексика-семантикалық өрістерін жеке-жеке жіктей отырып, олардың мәтін түзушілік ролі мен концептуалды маңызын айқындайды. Жазушы прозасының антропоцентристік парадигмасы мен ұлттық көркемдік танымын терең ашу мақсатында контекстік-семантикалық талдау, лингвостилистикалық сипаттама, коннотативтік пайымдау және психологиялық параллелизм әдістері тиімді қолданылды. Нәтижесінде, Данияр мен Жәмилә образдарын жасаудағы үнсіздік семантикасы мен динамикалық лексиканың, соматикалық фразеологизмдер мен оксюморондардың стилистикалық қызметі толық дәлелденді. Сондай-ақ, табиғат суреттерінің кейіпкерлердің ішкі сезімдерімен үндесуі лингвопоэтикалық тұрғыдан терең негізделді.
Мақаланың теориялық тұжырымдары мен практикалық талдау материалдарын жоғары оқу орындарында көркем мәтінді лингвистикалық талдау, лингвопоэтика, когнитивтік лингвистика және мәтін лингвистикасы курстарында, филология факультетінің магистранттары мен студенттеріне арналған арнайы ғылыми семинарларда және лингводидактикалық үдерістерде кеңінен қолданудың теориялық-практикалық маңыздылығы айқын көрінеді.
САЛИХОВА А.З.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан.
Е-mail: aimgul_1974@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-2464-7506
- Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003. 208 б.
- Лотман Ю.М. Структура художественного текста. М.: Искусство, 1970. 384 с.
- Шаховский В.И. Категоризация эмоций в лексико-семантической системе языка. Воронеж, 1987. 192 с.
- Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997. 224 б.
- Ақматалиев А. Шыңғыс Айтматов: Дүниетаным және шеберлік. Бішкек, 1998. 250 б.
- Айтматов Ш. Жәмилә. Алматы: Жазушы, 2008. 214 б.
